https://sputnik.kz/20261027/elde-dron-ielerine-qatysty-zhana-talaptar-engizilmek-68012616.html
Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек
Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек
Sputnik Қазақстан
Үкімет ұшқышсыз технологияларды дамытудың жаңа кешенді жоспарын бекітті 27.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-27T17:07+0500
2026-10-27T17:07+0500
2026-10-27T17:07+0500
дрон
талап
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/03/59328083_0:45:1080:653_1920x0_80_0_0_943955ca31bbc2ec9e4fa221a5408829.jpg
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Үкімет бекіткен 2029 жылға дейінгі Ұшқышсыз жүйелерді дамытудың кешенді жоспары дрондардың иелеріне қатысты бірқатар талаптарды қамтиды, деп хабарлады Цифрлық даму министрлігі.Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қадағалауға қатысты кейбір функциялар Ішкі істер министрлігіне беріледі."Ұшу жиілігінің артуы қоғамдық тәртіпті сақтау үшін алдын алу шараларын қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты, нормативтік-құқықтық базаны қайта қарау аясында, ұшқышсыз жүйелерді пайдалану мен айналымын бақылау және қадағалауға қатысты жекелеген мемлекеттік функциялар Ішкі істер министрлігіне беріледі", — делінген хабарламада.Сондай-ақ, ұшқышсыз көлік және технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға ерекше назар аударылмақ.Сондай-ақ, ұшқышсыз технологияларға бағытталған, университет деңгейіндегі жыл сайынғы жарыстарды ұйымдастыру жоспарланып отыр.Бұған қоса, бұл бастама кемінде 1000 жоғары білікті жаңа буын мамандарын — операторларды, жобалаушы инженерлерді, ендірілген бағдарламалық қамтамасыз ету мен жасанды интеллект әзірлеушілерін, сондай-ақ киберқауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету саласындағы сарапшыларды — даярлауды көздейді."Басым қадамдардың бірі – Ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйелеріне арналған бірыңғай цифрлық платформаны және ұшқышсыз ұшу аппараттары қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (UTM) енгізу болмақ. Жобаның негізгі мақсаты – қағазбастылықты толығымен жою және азаматтар, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың барлық түрін ашық электрондық форматқа көшіру", - дейді министрлік.Өтінімдер беру, есеп жүргізу, ұшу аппараттарын тіркеу және ұшу бағыттарына рұқсатты жедел алу – мұның бәрі бірыңғай цифрлық қызмет арқылы жүзеге асырылмақ.
https://sputnik.kz/20260604/-turkistan-oblysynda-dron-ondiretin-zauyt-iske-qosyldy-63916478.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/03/59328083_120:0:1080:720_1920x0_80_0_0_f20a50607adb67a2d75e669b66210dae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дрон, талап, министрлік
Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек
Үкімет ұшқышсыз технологияларды дамытудың жаңа кешенді жоспарын бекітті
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Үкімет бекіткен 2029 жылға дейінгі Ұшқышсыз жүйелерді дамытудың кешенді жоспары дрондардың иелеріне қатысты бірқатар талаптарды қамтиды, деп хабарлады Цифрлық даму министрлігі.
"Дрон иелері үшін міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды енгізу, байланыс арналарына қатысты киберқауіпсіздік талаптарын белгілеу, сондай-ақ мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы операторларға сертификаттар беру жоспарланып отыр", – деп мәлімдеді министрлік.
Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қадағалауға қатысты кейбір функциялар Ішкі істер министрлігіне беріледі.
"Ұшу жиілігінің артуы қоғамдық тәртіпті сақтау үшін алдын алу шараларын қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты, нормативтік-құқықтық базаны қайта қарау аясында, ұшқышсыз жүйелерді пайдалану мен айналымын бақылау және қадағалауға қатысты жекелеген мемлекеттік функциялар Ішкі істер министрлігіне беріледі", — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ұшқышсыз көлік және технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға ерекше назар аударылмақ.
"Барлық өңірдің мектептерінде авиамодельдеу үйірмелері ашылып, заманауи STEAM-зертханалар ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған арнайы жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, бастапқы әскери дайындық бағдарламаларына ұшқыш болудың негізгі дағдылары мен техникалық сауаттылық элементтері енгізіледі. Техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары білім беру деңгейлерінде оқу бағдарламалары нақты еңбек нарығының талаптарына сәйкес жаңартылады", — деп хабарлады ведомство.
Сондай-ақ, ұшқышсыз технологияларға бағытталған, университет деңгейіндегі жыл сайынғы жарыстарды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Бұған қоса, бұл бастама кемінде 1000 жоғары білікті жаңа буын мамандарын — операторларды, жобалаушы инженерлерді, ендірілген бағдарламалық қамтамасыз ету мен жасанды интеллект әзірлеушілерін, сондай-ақ киберқауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету саласындағы сарапшыларды — даярлауды көздейді.
"Басым қадамдардың бірі – Ұшқышсыз ұшу аппараттары жүйелеріне арналған бірыңғай цифрлық платформаны және ұшқышсыз ұшу аппараттары қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (UTM) енгізу болмақ. Жобаның негізгі мақсаты – қағазбастылықты толығымен жою және азаматтар, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың барлық түрін ашық электрондық форматқа көшіру", - дейді министрлік.
Өтінімдер беру, есеп жүргізу, ұшу аппараттарын тіркеу және ұшу бағыттарына рұқсатты жедел алу – мұның бәрі бірыңғай цифрлық қызмет арқылы жүзеге асырылмақ.