https://sputnik.kz/20260604/-turkistan-oblysynda-dron-ondiretin-zauyt-iske-qosyldy-63916478.html
Түркістан облысында дрон өндіретін зауыт іске қосылды
Түркістан облысында дрон өндіретін зауыт іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Бір агродрон 70 литр сұйықтықты көтеріп, 5 гектар егіс алқабын өңдей алады 04.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-04T11:01+0500
2026-06-04T11:01+0500
2026-06-04T11:01+0500
егістік
дрон
https://sputnik.kz/img/07ea/04/08/62478223_0:90:962:631_1920x0_80_0_0_5f5148350fc9e99771ddf1f3595ab512.png
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыратын зауыт өз жұмысын бастады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі."Avatar Agricultural Technology Development" серіктестігі қолға алған бұл жоба арқылы жылына 500 дана техника өндіруге болады.Жаңа технология ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге алқаптарды өңдеу тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға және еңбек өнімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.Қазірдің өзінде компания агродрондарды жеткізуге 20 тапсырыс қабылдап үлгерді.Алдағы уақытта кәсіпорын өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Осы ретте келесі жылдан бастап өрт сөндіруге және жүк тасымалдауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруді игеруді жоспарлап отыр.
https://sputnik.kz/20260602/zhambyl-oblysynda-oqu-zhattygu-kezinde-askeri-dron-shugyl-qondy-63872858.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/08/62478223_1:0:961:720_1920x0_80_0_0_50c94977df5446f63429bd05524b4bf4.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
егістік, дрон
Түркістан облысында дрон өндіретін зауыт іске қосылды
Бір агродрон 70 литр сұйықтықты көтеріп, 5 гектар егіс алқабын өңдей алады
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыратын зауыт өз жұмысын бастады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Avatar Agricultural Technology Development" серіктестігі қолға алған бұл жоба арқылы жылына 500 дана техника өндіруге болады.
"Агродрондар ауыл шаруашылығы дақылдарын бүрку жұмыстарын жүргізуге арналған. Ұшқышсыз бір аппараттың өзі 70 литрге дейін жұмыс сұйықтығын көтеріп, 5 гектарға дейінгі егіс алқабын өңдей алады", - делінген хабарламада.
Жаңа технология ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге алқаптарды өңдеу тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға және еңбек өнімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазірдің өзінде компания агродрондарды жеткізуге 20 тапсырыс қабылдап үлгерді.
Алдағы уақытта кәсіпорын өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Осы ретте келесі жылдан бастап өрт сөндіруге және жүк тасымалдауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруді игеруді жоспарлап отыр.