Фармацевт тұмауға қарсы дәрілерді қандай сусындармен ішуге болмайтынын айтты

© Photo : Up-FreeЧай
Чай - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2026
Жазылу
Дұрыс таңдалмаған сусын тұмаудың ұзаққа созылуына әсер етеді
АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Суық тию мен тұмау кезінде дәрі-дәрмекті дұрыс таңдалмаған сусындармен бірге қабылдау емнің әсерін төмендетуі мүмкін. Бұл туралы РИА Новостиге фармацевт Иван Яланжи айтты.
Маманның айтуынша, суық тию маусымында көпшілік шайды жиі ішеді. Алайда дәрілерді шаймен бірге қабылдау олардың құрамындағы белсенді заттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Ал дәріні кофемен ішу жүрек пен жүйке жүйесіне түсетін қосымша жүктемені арттырады.
Сонымен қатар дәрі-дәрмекті цитрус жемістерінің шырынымен ішу де қауіпті болуы мүмкін. Өйткені мұндай шырындар дәрілік заттарды ыдырататын бауыр ферменттерінің жұмысына әсер етеді. Соның салдарынан дәрінің ағзадағы концентрациясы артып, науқастың жағдайы нашарлап, тіпті артық доза қаупі туындауы ықтимал, деп түсіндірді маман.
Оның айтуынша, тіпті сүт пен минералды су да дәрі ішуге қолайлы сусындар емес. Сүттің құрамындағы кальций антибиотиктердің кейбір түрлеріндегі белсенді заттармен байланысып, олардың ағзаға сіңуіне кедергі келтіреді. Соның салдарынан қарапайым ангина ауруы қайта өршіп, одан да күрделі асқынуларға әкелуі мүмкін.
Ал минералды су мен газдалған сусындар асқазан сөлінің қышқылдығын өзгертеді. Бұл өз кезегінде дәрілердің еру уақытына әсер етіп, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігін төмендетеді.
Фармацевт кейбір шөп тұнбаларының да қауіпті болуы мүмкін екенін атап өтті. Мәселен, шайқурай көптеген дәрілік заттардың ағзадан тез шығарылуына ықпал етіп, олардың концентрациясын төмендетеді. Ал валериана немесе сасықшөп сияқты тыныштандыратын шөп тұнбалары дәрілердің седативті әсерін күшейтуі мүмкін.
"Дәрі-дәрмекті бөлме температурасындағы 150–200 миллилитр таза, газдалмаған сумен ішкен дұрыс. Сондай-ақ дәрілік препараттардың сусындармен үйлесімділігіне қатысты нұсқаулықтағы ақпаратқа мұқият назар аудару қажет", – деп қорытындылады маман.
Келесі пандемияның себебі тұмау вирусы болуы мүмкін - Онищенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2026
Келесі пандемияның себебі тұмау вирусы болуы мүмкін - Онищенко
Жаңалықтар
0