Келесі пандемияның себебі тұмау вирусы болуы мүмкін - Онищенко

© Sputnik / Арина АнтоноваКелесі пандемияның себебі тұмау вирусы болуы мүмкін - Онищенко
Келесі пандемияның себебі тұмау вирусы болуы мүмкін - Онищенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2026
Жазылу
Бұл туралы Мәскеу-Минск-Астана-Ереван бейнеконференциясы барысында айтылды
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Келесі пандемия тұмаудың жаңа түрінен туындауы мүмкін, деп мәлімдеді Ресей білім академиясының вице-президенті, Ресей ғылым академиясының академигі Геннадий Онищенко Sputnik Қазақстан ұйымдастырған Мәскеу-Минск-Астана-Ереван бейнеконференциясы барысында.
© Sputnik / Арина АнтоноваКелесі пандемияның себебі тұмау вирусы болуы мүмкін - Онищенко
Видеомост Москва — Минск — Астана — Ереван на тему: Биобезопасность стран ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2026
Келесі пандемияның себебі тұмау вирусы болуы мүмкін - Онищенко

"Пандемия болады, және бұл тұмау пандемиясы болуы мүмкін. Өйткені, соңғы — шошқа тұмауының пандемиясынан бері шамамен тоғыз жыл өтті. Бұл тұмау вирусы болды. Алдымен шошқалар, кейін адамдар ауырды. Пандемия шошқалардан шықты", - деді Онищенко.

Алайда, оның пікірінше, бұл Эбола емес, өйткені оның пандемиялық әлеуеті жоқ.
© Sputnik / Арина АнтоноваКелесі пандемияның себебі тұмау вирусы болуы мүмкін - Онищенко
Видеомост Москва — Минск — Астана — Ереван на тему: Биобезопасность стран ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2026
Келесі пандемияның себебі тұмау вирусы болуы мүмкін - Онищенко
Академик сонымен қатар "хиджаманың" пайдасы туралы да пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл вегетативті тамыр жүйесі үшін пайдалы, дегенмен нюанстар бар.
"Түптеп келгенде, "хиджама" - бұл өзгертілген болса да, медициналық процедура. Бұл косметология сияқты. Бізде косметологтар медицина мамандары. Олар жәй ғана медициналық дипломның иегерлері емес, сол саланың арнайы мамандары. Ал мұнда оны нешетүрлі әуесқойлар жасай бастауы мүмкін", - деді Онищенко.
Сондықтан ол азаматтарды маманнан осы процедураны орындауға рұқсат беретін құжатты, сондай-ақ "хиджама" емдеуге көмектесетін жағдайлардың тізімін сұрауға шақырды.
Таблетки в руке. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2025
АҚШ-та "Гонконг" тұмауының өршуі тіркелді
Жаңалықтар
0