АҚШ-та "Гонконг" тұмауының өршуі тіркелді

© Sputnik / Медиабанкке өтуТаблетки в руке. Архивное фото
Таблетки в руке. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2025
Жазылу
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-та "Гонконг" тұмауына шалдығу деңгейі өсті, деп хабарлайды РИА Новости.
Американың санитарлық қызметі таратқан мәліметке сәйкес, биыл халық арасында көбінесе А типті тұмау таралып жүр. Бір аптаның ішінде тіркелген 550 адамның басым бөлігі A(H3N2) вирусын жұқтырды. Ал B типті тұмау сирек анықталады.
Мамандардың айтуынша, тұмау жұқтыру көрсеткіші өсіп келеді. Соған қарамастан, ауыр жағдайлар көп емес.
Айта кетері, A(H3N2) вирусы алғаш рет Азияда 1968 жылы шығып, 1968-1969 жылдардағы тұмау пандемиясына себеп болған. Содан бері H3N2 маусымдық тұмаудың қосымша типіне айналып, жыл сайын әлем бойынша өршіп жатады.
Бұған дейін Sputnik Қазақстан "Гонконг" тұмауы немесе H3N2 вирусы несімен қауіпті екенін жазған болатын.
Беременная девушка в маске, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2025
"Гонконг" тұмауы немесе H3N2: бұл вирусты инфекция несімен қауіпті
Жаңалықтар
0