Үлескерлерді алдады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2026
Жазылу
Келтірілген жалпы шығын 4 миллиард теңгеден асады
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Астана полициясы халықаралық іздеуде жүрген 45 жастағы ер адамды Шымкент қаласында ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Тергеу мәліметінше, күдікті бір топ адаммен бірге азаматтардың сеніміне кіріп, Астанадағы көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысына қаражат тартқан. Алайда құрылыс жұмыстары қажетті рұқсат құжаттарынсыз және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынсыз жүргізілген.
"Қылмыстық іс аясында 292 үлескердің зардап шеккені анықталды. Келтірілген жалпы шығын 4 миллиард теңгеден асады", - деп жазылған хабарламада.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің ұзақ уақыт бойы Шымкентте жасырынғаны белгілі болды. Ол ізін жасыру үшін жалдамалы пәтерлерін жиі ауыстырып отырған. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
В Нур-Султане 11 мая сняли режим ЧП - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Ақтөбе облысында үлескерлер 6 млрд теңге шығынға батқан
Жаңалықтар
0