Ақтөбе облысында үлескерлер 6 млрд теңге шығынға батқан

© Sputnik / Владислав ВодневВ Нур-Султане 11 мая сняли режим ЧП
В Нур-Султане 11 мая сняли режим ЧП - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.10.2025
Жазылу
Биыл 7 бірдей құрылыс компаниясының басшылары қылмыстық жауапқа тартылды
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысында құрылыс салушылардан 797 адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Өңірде барлығы 12 проблемалық үлестік құрылыс нысаны анықталған. Салдарынан 797 адам зардап шекті, залал 6,1 млрд теңге.
"АлашОрда-1" тұрғын үй кешені мен "Aviator Premium" ТК құрылыс салушылары алаяқтық жолмен 200-ден астам үлескердің қаражатын тартып, 1,8 млрд теңгеден астам сомада зиян келтірген", - деп жазылған хабарламада.
Биыл 7 бірдей құрылыс компаниясының басшылары 11 нысан бойынша қылмыстық жауапқа тартылды.
"Safina.kz" ТҚК және "СтройСервисРегион" ТК құрылыс салушылары 300-ден астам үлескердің ақшасын алаяқтық жолмен иемденген. Олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді прокуратура.
Прокуратура органдары азаматтық тәртіпте 413 үлескердің мүддесінде 8 талап-арыз беріп, тұрғын үй сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп танып, мүлікті қайтару туралы талап қойған.
6 талап-арыз бойынша 285 үлескердің мүддесі қорғалды, ал 3 нысан бойынша 128 үлескердің ісі сот қарауында.
Ақтөбеде 75 үлескер 421 млн теңгеге алданды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Ақтөбеде 75 үлескер 421 млн теңгеге алданды
Жаңалықтар
0