Түркістан келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады – Тоқаев

© Photo : пресс-служба акима Туркестанской области / Самат МырзалиевГород Туркестан
Город Туркестан - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2026
Жазылу
Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы осындай шешімге келген
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады. Бұл туралы президент өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"ИСЕСКО ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады", - деп жазды ол.
Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына сапары аяқталды. Мемлекет басшысын Анкара әуежайынан Түркия Республикасының Сауда министрі Омер Болат және басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарадағы Президент кешенінің Көрме орталығында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитіне қатысты.
Туркестан - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2026
Түркістан қаласында Түркі өркениеті орталығы құрылады
Жаңалықтар
0