https://sputnik.kz/20261030/qazaqstanda-243-mln-tonna-astyq-zhinaldy-68075900.html
Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды
Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды
Sputnik Қазақстан
Биыл жиналған астықтың көлемі ғана емес, сапасы да жақсы 30.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-30T09:12+0500
2026-10-30T09:12+0500
2026-10-30T09:15+0500
астық
бидай
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/08/13/65808499_0:59:1280:779_1920x0_80_0_0_402ac49f6b13d39201f9827b198d8f3e.jpg
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. 2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.Биыл жиналған астықтың көлемі ғана емес, сапасы да жақсы. Алдын ала мәліметтер бойынша, элеваторларға тапсырылған жұмсақ бидайдың шамамен 72%-ы үшінші сыныпқа жатады.Зерттелген бидай үлгілерінің 48%-ында дән маңызының мөлшері 28%-дан жоғары. Ақмола облысында үшінші сыныпты бидайдың үлесі 90%-ға, ал ақуызы жоғары Hi-Pro санатындағы бидайдың үлесі 70%-ға жетті.Қазақстан астық экспортында да жоғары нәтижелер көрсетіп отыр. Соңғы екі маркетингтік жылда еліміз 15,5 млн және 16 млн тонна астық пен ұн экспорттады. Бұл — тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіштер."Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мәліметінше, 2026 жылғы қыркүйектен 19 қазанға дейін Қазақстан 1,657 млн тонна астық экспорттаған. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 9%-ға көп.Министрлік хабарлауынша, шаруаларға жеңілдетілген несие беру, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, сапалы тұқымдар мен минералды тыңайтқыштарды жеткізу, заманауи технологияларды енгізу жұмыстарына басымдық беріліп отыр.
https://sputnik.kz/20261002/qazaqstan-temir-zholy-astyqty-tieu-boyynsha-qyrkuyekte-rekord-ornatty-67253255.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/13/65808499_82:0:1199:838_1920x0_80_0_0_c9081f03155c20d0779eacace54c7083.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, бидай, ауыл шаруашылығы министрлігі
астық, бидай, ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды
09:12 30.10.2026 (жаңартылды: 09:15 30.10.2026) Биыл жиналған астықтың көлемі ғана емес, сапасы да жақсы
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. 2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Осы уақыт аралығында мұндай нәтижеден жоғары көрсеткіш тек екі рет тіркелген", - дейді министрлікте.
Биыл жиналған астықтың көлемі ғана емес, сапасы да жақсы. Алдын ала мәліметтер бойынша, элеваторларға тапсырылған жұмсақ бидайдың шамамен 72%-ы үшінші сыныпқа жатады.
Зерттелген бидай үлгілерінің 48%-ында дән маңызының мөлшері 28%-дан жоғары. Ақмола облысында үшінші сыныпты бидайдың үлесі 90%-ға, ал ақуызы жоғары Hi-Pro санатындағы бидайдың үлесі 70%-ға жетті.
Қазақстан астық экспортында да жоғары нәтижелер көрсетіп отыр. Соңғы екі маркетингтік жылда еліміз 15,5 млн және 16 млн тонна астық пен ұн экспорттады. Бұл — тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіштер.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мәліметінше, 2026 жылғы қыркүйектен 19 қазанға дейін Қазақстан 1,657 млн тонна астық экспорттаған. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 9%-ға көп.
Министрлік хабарлауынша, шаруаларға жеңілдетілген несие беру, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, сапалы тұқымдар мен минералды тыңайтқыштарды жеткізу, заманауи технологияларды енгізу жұмыстарына басымдық беріліп отыр.