"Қазақстан темір жолы" астық тиеу бойынша рекорд орнатты

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Бидай
Бидай - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
Жазылу
2026 жылдың тоғыз айында темір жол арқылы 10,8 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қыркүйекте астықты тиеу бойынша рекорд орнатты.
Компания хабарлауынша, 2026 жылғы қыркүйекте 1,45 млн тонна астық тасымалдады. Бұл қыркүйек айындағы астықты тиеудің ең үлкен көлемі және өткен жылдың қыркүйегіне қарағанда 7%-ға көп.
"Экспортқа 1,2 млн тонна астық жөнетіліп, өсім 13%-ды құрады. Негізгі көлемі Орталық Азия елдеріне тиесілі – 701 мың тонна (+8%), оның ішінде Өзбекстанға 512 мың тоннасы (+14%) жөнелтілді. Ауғанстанға тасымалдау 3,4 есеге, 107 мың тоннаға дейін, Қытайға тасымалдау 2,8 есеге, 188 мың тоннаға дейін өсті", - деп жазылған хабарламада.
Қыркүйек айында ұнтақ өнімдерін тасымалдау 274 мың тоннаны (+13%) құрады, оның ішінде экспортқа – 230 мың тонна (+27%).
2026 жылдың тоғыз айында темір жол арқылы 10,8 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық. Экспортқа 8,4 млн тонна (+14%) бағытталды.
Бидай - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Биыл астық жинау бойынша рекорд бола ма - министрлік есебі
Жаңалықтар
0