https://sputnik.kz/20260929/biyl-astyq-zhinau-boyynsha-rekord-bola-ma---ministrlik-esebi-67138238.html
Биыл астық жинау бойынша рекорд бола ма - министрлік есебі
Биыл астық жинау бойынша рекорд бола ма - министрлік есебі
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысында астық жинау толық аяқталды 29.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-29T10:44+0500
2026-09-29T10:44+0500
2026-09-29T12:40+0500
ауыл шаруашылығы министрлігі
астық
үкімет
https://sputnik.kz/img/07ea/08/13/65808499_0:59:1280:779_1920x0_80_0_0_402ac49f6b13d39201f9827b198d8f3e.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі егін жинау науқаны бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Вице-министр Азат Сұлтановтың айтуынша, биыл егін жинау жұмыстары уақытылы басталды. Ал қарқыны өткен жылдан жоғары.Оның сөзіне қарағанда, дәнді дақылдардың жалпы түсімі көпжылдық орташа көрсеткіштерден жоғары болады деген болжам бар."Майлы дақылдарды жинау қарқыны артып келеді. 2,4 млн гектар алқап жиналып, 2,4 млн тонна майлы дақылдар бастырылды. Егін жинау қорытындысы бойынша майлы дақылдардың рекордтық өнімі – 5 млн тоннадан астам жиналады деп болжанып отыр", - деді вице-министр.Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысында астық жинау толық аяқталды. Ал Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстарында егіннің 95 пайыздан астамы жиналды.Айта кетері, бұған дейін екі жыл қатарынан рекорд болған. Қазақстанда 27,5 млн тонна астық жиналған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамына сәйкес, биыл бұл көрсеткіш 23 млн тоннадан жоғары болады.
https://sputnik.kz/20260927/elde-186-mln-tonna-astyq-bastyryldy-67077674.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/13/65808499_82:0:1199:838_1920x0_80_0_0_c9081f03155c20d0779eacace54c7083.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы министрлігі, астық, үкімет
ауыл шаруашылығы министрлігі, астық, үкімет
Биыл астық жинау бойынша рекорд бола ма - министрлік есебі
10:44 29.09.2026 (жаңартылды: 12:40 29.09.2026) Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысында астық жинау толық аяқталды
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі егін жинау науқаны бойынша есеп берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр Азат Сұлтановтың айтуынша, биыл егін жинау жұмыстары уақытылы басталды. Ал қарқыны өткен жылдан жоғары.
"Бүгінгі таңда 13,5 млн гектар дәнді дақыл немесе 83%-ы жиналды. Орташа өнімділік гектарына 14,7 центнерді құрап, 19,9 млн тонна астық бастырылды",-деді Сұлтанов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, дәнді дақылдардың жалпы түсімі көпжылдық орташа көрсеткіштерден жоғары болады деген болжам бар.
"Майлы дақылдарды жинау қарқыны артып келеді. 2,4 млн гектар алқап жиналып, 2,4 млн тонна майлы дақылдар бастырылды. Егін жинау қорытындысы бойынша майлы дақылдардың рекордтық өнімі – 5 млн тоннадан астам жиналады деп болжанып отыр", - деді вице-министр.
Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысында астық жинау толық аяқталды. Ал Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстарында егіннің 95 пайыздан астамы жиналды.
Айта кетері, бұған дейін екі жыл қатарынан рекорд болған. Қазақстанда 27,5 млн тонна астық жиналған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамына сәйкес, биыл бұл көрсеткіш 23 млн тоннадан жоғары болады.