https://sputnik.kz/20261030/aqmolalyq-ayel-oz-atyna-2-mln-tenge-kredit-rasimdelgenin-bir-zhyldan-keyin-bildi-68096668.html
Ақмолалық әйел өз атына 2 млн теңге кредит рәсімделгенін бір жылдан кейін білді
Ақмолалық әйел өз атына 2 млн теңге кредит рәсімделгенін бір жылдан кейін білді
Sputnik Қазақстан
Тексеру барысында полицейлер оқиғаға оның 25 жастағы жиенінің қатысы болуы мүмкін екенін анықтады 30.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-30T19:50+0500
2026-10-30T19:50+0500
2026-10-30T19:50+0500
кредит
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_eb58dabc4da71f63501679a75acecbd0.jpg
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Ақмола облысының Атбасар ауданында полицейлер жақын туысының атына рұқсатсыз кредит рәсімдеген 25 жастағы ер адамды анықтады. Ол әйелдің жиені болып шықты. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.Полицияға әйелден арыз 2 қазанда түскен. Жәбірленушінің айтуынша, 2025 жылы оның атына 2 миллион теңге кредит рәсімделген. Алайда ол бұл туралы бір жылдан кейін ғана, банктен қарызды өтеу туралы ескерту қоңыраулары түсе бастағанда білген. Әйел ешқандай кредит рәсімдеуге өтініш бермегенін айтқан.Полицияның мәліметінше, күдікті бірнеше ай бойы кредит бойынша төлем жасап келген. Алайда кейін қарызды өтеуді тоқтатқан. Соның салдарынан әйел банктен ескерту қоңырауы түскен кезде ғана өз атына кредит рәсімделгенін білген.Аталған факті бойынша алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
https://sputnik.kz/20260123/aleumettik-osal-azamattardyn-atyna-avtokredit-rasimdegen-top-ustaldy-60637622.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_9eae630ab3940dd5205e50ab42c83bb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, ақмола облысы
Ақмолалық әйел өз атына 2 млн теңге кредит рәсімделгенін бір жылдан кейін білді
Тексеру барысында полицейлер оқиғаға оның 25 жастағы жиенінің қатысы болуы мүмкін екенін анықтады
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Ақмола облысының Атбасар ауданында полицейлер жақын туысының атына рұқсатсыз кредит рәсімдеген 25 жастағы ер адамды анықтады. Ол әйелдің жиені болып шықты. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.
Полицияға әйелден арыз 2 қазанда түскен. Жәбірленушінің айтуынша, 2025 жылы оның атына 2 миллион теңге кредит рәсімделген. Алайда ол бұл туралы бір жылдан кейін ғана, банктен қарызды өтеу туралы ескерту қоңыраулары түсе бастағанда білген. Әйел ешқандай кредит рәсімдеуге өтініш бермегенін айтқан.
"Тексеру барысында полицейлер оқиғаға оның 25 жастағы жиенінің қатысы болуы мүмкін екенін анықтады. Белгілі болғандай, өткен жылы жас жігіт туысынан жеке пайдалануға арналған телефонды сұрап алған. Телефонда банктік қосымшаға қолжетімділік болған", - деп жазылған хабарламада.
Полицияның мәліметінше, күдікті бірнеше ай бойы кредит бойынша төлем жасап келген. Алайда кейін қарызды өтеуді тоқтатқан. Соның салдарынан әйел банктен ескерту қоңырауы түскен кезде ғана өз атына кредит рәсімделгенін білген.
Аталған факті бойынша алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.