https://sputnik.kz/20260123/aleumettik-osal-azamattardyn-atyna-avtokredit-rasimdegen-top-ustaldy-60637622.html
Әлеуметтік осал азаматтардың атына автокредит рәсімдеген топ ұсталды
Әлеуметтік осал азаматтардың атына автокредит рәсімдеген топ ұсталды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта осындай 15 дерек анықталып, өзге де эпизодтар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр 23.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-23T22:45+0500
2026-01-23T22:45+0500
2026-01-23T22:45+0500
автокөлік
кредит
қылмыс
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a3581cc1f5757b1c91e68b714687aac9.jpg
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі автонесиелеудің қылмыстық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz.19 қаңтар күні ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында әлеуметтік осал азаматтардың атына автонесие рәсімдеп, кейін автокөліктерді шетелге шығарып отырған қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.Кұдіктілер жалған құжаттарды пайдалана отырып, автокөліктерді кепілге қойып, микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Осыдан соң қымбат автокөліктер шетелде сатылған.Қазіргі уақытта осындай 15 дерек анықталып, өзге де эпизодтар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Тінту іс-шаралары барысында бірнеше бірлік атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ қылмыстық әрекеттерді растайтын құжаттар мен ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірнеше бап бойынша жүргізілуде, негізгі 6 күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
https://sputnik.kz/20250820/zhanartylgan-avtokredit-bagdarlamasynyn-iske-qosylgany-turaly-aqparat-shyndyqqa-zhanaspaydy-56483043.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_65ef81c5601cd75bd45ed9331a35d6fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік, кредит, қылмыс, қылмыстық топ
автокөлік, кредит, қылмыс, қылмыстық топ
Әлеуметтік осал азаматтардың атына автокредит рәсімдеген топ ұсталды
Қазіргі уақытта осындай 15 дерек анықталып, өзге де эпизодтар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі автонесиелеудің қылмыстық схемасын әшкереледі, деп хабарлайды
Polisia.kz. 19 қаңтар күні ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында әлеуметтік осал азаматтардың атына автонесие рәсімдеп, кейін автокөліктерді шетелге шығарып отырған қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.
"Күдіктілер қысым көрсету және қорқыту арқылы қорғансыз азаматтарды өз атына автонесие рәсімдеуге мәжбүрлегені анықталды. Төлем қабілеттілігі бар деген жалған көрсеткіш қалыптастыру мақсатында күдіктілер азаматтардың банк шоттарын уақытша толықтырып, олардың кредиттік тарихын жасанды түрде жақсартқан", - деп жазылған хабарламада.
Кұдіктілер жалған құжаттарды пайдалана отырып, автокөліктерді кепілге қойып, микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Осыдан соң қымбат автокөліктер шетелде сатылған.
Қазіргі уақытта осындай 15 дерек анықталып, өзге де эпизодтар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Тінту іс-шаралары барысында бірнеше бірлік атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ қылмыстық әрекеттерді растайтын құжаттар мен ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірнеше бап бойынша жүргізілуде, негізгі 6 күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.