https://sputnik.kz/20261030/almatyda-dari-darmek-qazhettiligin-naqtylau-kezinde-158-mlrd-tenge-unemdeldi-68084308.html
Алматыда дәрі-дәрмек қажеттілігін нақтылау кезінде 15,8 млрд теңге үнемделді
Алматыда дәрі-дәрмек қажеттілігін нақтылау кезінде 15,8 млрд теңге үнемделді
Sputnik Қазақстан
Жалпы Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің 2026 жылға арналған бюджеті 393,7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды 30.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-30T11:41+0500
2026-10-30T11:41+0500
2026-10-30T11:41+0500
денсаулық сақтау министрлігі
дәрі-дәрмек
үнемдеу
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55827708_0:62:1059:658_1920x0_80_0_0_fdaf62be7fbb13f3a09c0df26aa796db.jpg
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Алматыда 15,8 млрд теңгенің дәрі-дәрмегін артық сатып алудың жолы кесілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында дәрілік заттармен қамтамасыз ету ісінде ашықтықты және сатып алу заңдылығын сақтауды талап етті.Ведомство басшысы медициналық ұйымдардың бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алынуға тиіс препараттарды өз бетінше сатып алу фактілеріне де ерекше назар аударылып, фармация комитетіне мұндай сатып алулардың заңдылығын тексеру тапсырылғанын айтты.Сонымен қатар дәрілік заттарға деген қажеттілікті қайта нақтылау нәтижесінде 42,5 млрд теңгеден астам сомаға артық сатып алудың алдын алуға мүмкіндік туды. Оның ішінде Алматы қаласы бойынша 15,8 млрд теңге үнемделді.Жалпы Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің 2026 жылға арналған бюджеті 393,7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Сонымен бірге медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 17,66 млрд теңгеге жетті. Жыл басында бұл көрсеткіш 6,12 млрд теңгені құраған.
https://sputnik.kz/20260902/dari-darmekti-tsifrlyq-esepke-alu-2027-zhylga-qaray-2-millionnan-astam-patsientti-qamtidy-66290553.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55827708_50:0:1010:720_1920x0_80_0_0_a8602009f8c57dd73cca38f855ae40d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, дәрі-дәрмек, үнемдеу
денсаулық сақтау министрлігі, дәрі-дәрмек, үнемдеу
Алматыда дәрі-дәрмек қажеттілігін нақтылау кезінде 15,8 млрд теңге үнемделді
Жалпы Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің 2026 жылға арналған бюджеті 393,7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Алматыда 15,8 млрд теңгенің дәрі-дәрмегін артық сатып алудың жолы кесілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында дәрілік заттармен қамтамасыз ету ісінде ашықтықты және сатып алу заңдылығын сақтауды талап етті.
Ведомство басшысы медициналық ұйымдардың бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алынуға тиіс препараттарды өз бетінше сатып алу фактілеріне де ерекше назар аударылып, фармация комитетіне мұндай сатып алулардың заңдылығын тексеру тапсырылғанын айтты.
"Сондай-ақ тегін дәрілік заттардың бөлшек сауда желісінде сатылу фактілерін тексеріп, олардың қозғалыс тізбегін және оған қатысы бар тұлғаларды анықтау, ал заңбұзушылықтар расталған жағдайда заңнамада көзделген шараларды қабылдау қажет", – деді денсаулық сақтау министрі алқа отырысында.
Сонымен қатар дәрілік заттарға деген қажеттілікті қайта нақтылау нәтижесінде 42,5 млрд теңгеден астам сомаға артық сатып алудың алдын алуға мүмкіндік туды. Оның ішінде Алматы қаласы бойынша 15,8 млрд теңге үнемделді.
Жалпы Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің 2026 жылға арналған бюджеті 393,7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Сонымен бірге медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 17,66 млрд теңгеге жетті. Жыл басында бұл көрсеткіш 6,12 млрд теңгені құраған.