https://sputnik.kz/20260902/dari-darmekti-tsifrlyq-esepke-alu-2027-zhylga-qaray-2-millionnan-astam-patsientti-qamtidy-66290553.html
Дәрі-дәрмекті цифрлық есепке алу 2027 жылға қарай 2 миллионнан астам пациентті қамтиды
Дәрі-дәрмекті цифрлық есепке алу 2027 жылға қарай 2 миллионнан астам пациентті қамтиды
Sputnik Қазақстан
2026 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде 1,9 млн пациентке 8,6 млн-нан астам электрондық рецепт жазылды 02.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-02T08:06+0500
2026-09-02T08:06+0500
2026-09-02T08:06+0500
денсаулық сақтау министрлігі
дәрі-дәрмек
науқас
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55827708_0:62:1059:658_1920x0_80_0_0_fdaf62be7fbb13f3a09c0df26aa796db.jpg
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Дәрілік заттарды цифрлық дербес есепке алу 2027 жылға қарай 2 миллионнан астам пациентті қамтиды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.Қазақстанда 2026 жылдан бастап дәрілік заттардың айналымының бірыңғай цифрлық контуры енгізілді. Яғни, препаратты тіркеуден бастап оны нақты пациентке беруге дейінгі барлық кезең қамтылады.Бұл кімге қандай препарат және қандай көлемде қажет екенін дәлірек анықтауға, сондай-ақ сатып алуды нақты қажеттілікке қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.Бүгінде дәрілік заттарды таңбалау жүйесі 1,01 млрд қаптаманы қамтиды. Цифрландыру арқылы дәрілік заттар нарығының ашықтығын қамтамасыз ету нәтижесінде бюджетке қосымша 23,9 млрд теңге салық түсімі түсті.Министрлік мәліметінше, 2026 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде 1,9 млн пациентке 8,6 млн-нан астам электрондық рецепт жазылды. Бүгінде дәрі-дәрмек берудің 82%-ы "Әлеуметтік әмиян" арқылы жүзеге асырылады.
https://sputnik.kz/20260821/tsifrlyq-tanbalau-natizhesinde-zansyz-saudadagy-21-mynnan-astam-dari-darmekti-anyqtaldy-65892603.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55827708_50:0:1010:720_1920x0_80_0_0_a8602009f8c57dd73cca38f855ae40d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, дәрі-дәрмек, науқас
денсаулық сақтау министрлігі, дәрі-дәрмек, науқас
Дәрі-дәрмекті цифрлық есепке алу 2027 жылға қарай 2 миллионнан астам пациентті қамтиды
2026 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде 1,9 млн пациентке 8,6 млн-нан астам электрондық рецепт жазылды
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Дәрілік заттарды цифрлық дербес есепке алу 2027 жылға қарай 2 миллионнан астам пациентті қамтиды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап дәрілік заттардың айналымының бірыңғай цифрлық контуры енгізілді. Яғни, препаратты тіркеуден бастап оны нақты пациентке беруге дейінгі барлық кезең қамтылады.
"Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектерге қажеттілікті жекелендіріп жоспарлау және есепке алуға көшу негізінде 2026 жылға 1,9 млн нақты пациент, ал 2027 жылға 2,16 млн нақты пациент бойынша қажеттілік қалыптастырылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл кімге қандай препарат және қандай көлемде қажет екенін дәлірек анықтауға, сондай-ақ сатып алуды нақты қажеттілікке қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.
Бүгінде дәрілік заттарды таңбалау жүйесі 1,01 млрд қаптаманы қамтиды. Цифрландыру арқылы дәрілік заттар нарығының ашықтығын қамтамасыз ету нәтижесінде бюджетке қосымша 23,9 млрд теңге салық түсімі түсті.
Министрлік мәліметінше, 2026 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде 1,9 млн пациентке 8,6 млн-нан астам электрондық рецепт жазылды. Бүгінде дәрі-дәрмек берудің 82%-ы "Әлеуметтік әмиян" арқылы жүзеге асырылады.