https://sputnik.kz/20261030/alatau-turgyny-46-zhyl-boyy-quzhatsyz-zhurgen-68085750.html
Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген
Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген
Sputnik Қазақстан
Жеке сәйкестендіру нөмірі болмағандықтан, әйел сотқа өз бетінше жүгіне алмаған 30.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-30T12:20+0500
2026-10-30T12:20+0500
2026-10-30T12:23+0500
бас прокуратура
жеке куәлік
құжат
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25186258_0:11:1281:731_1920x0_80_0_0_b7dd4bc205aac7efbaf0376ba8a3bd8c.jpg
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Алатау қаласының тұрғыны туғаннан бері жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз және жеке сәйкестендіру нөмірінсіз өмір сүріп келген, деп хабарлады Бас прокуратура.Анықталғандай, 1980 жылы анасы оның тууын АХАТ органдарында тіркемеген. Сол кезеңдегі медициналық мұрағаттардың сақтау мерзімі өтуіне байланысты жойылуы салдарынан құжаттарды соттан тыс тәртіппен қалпына келтіру мүмкін болмаған.Азаматшаның құқықтарын қорғау мақсатында Алатау қаласының прокуратурасы сотқа оның туу фактісін анықтау туралы талап қоюмен жүгінді.Сот талапты қанағаттандырды. Енді әйел тиісті құжаттарын рәсімдеп, медициналық көмек алуға, ресми түрде жұмысқа орналасуға және әлеуметтік қолдауға қол жеткізе алады.
https://sputnik.kz/20260904/shygys-qazaqstan-oblysynda-69-zhastagy-ayel-omirinde-algash-ret-zheke-kualik-aldy-66392386.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25186258_0:0:975:731_1920x0_80_0_0_e558e8cd70e9ff584a9b426b1eeedf64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, жеке куәлік, құжат
бас прокуратура, жеке куәлік, құжат
Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген
12:20 30.10.2026 (жаңартылды: 12:23 30.10.2026) Жеке сәйкестендіру нөмірі болмағандықтан, әйел сотқа өз бетінше жүгіне алмаған
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Алатау қаласының тұрғыны туғаннан бері жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз және жеке сәйкестендіру нөмірінсіз өмір сүріп келген, деп хабарлады Бас прокуратура.
Анықталғандай, 1980 жылы анасы оның тууын АХАТ органдарында тіркемеген. Сол кезеңдегі медициналық мұрағаттардың сақтау мерзімі өтуіне байланысты жойылуы салдарынан құжаттарды соттан тыс тәртіппен қалпына келтіру мүмкін болмаған.
"Жеке сәйкестендіру нөмірі болмағандықтан, әйел сотқа өз бетінше жүгіне алмаған, ал әпкесінің бұған дейін берген өтініші қанағаттандырылмаған", - деп жазылған хабарламада.
Азаматшаның құқықтарын қорғау мақсатында Алатау қаласының прокуратурасы сотқа оның туу фактісін анықтау туралы талап қоюмен жүгінді.
Сот талапты қанағаттандырды. Енді әйел тиісті құжаттарын рәсімдеп, медициналық көмек алуға, ресми түрде жұмысқа орналасуға және әлеуметтік қолдауға қол жеткізе алады.