Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы әйел өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды

© Департамент полиции Восточно-Казахстанской области Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы әйел өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды
Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы әйел өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2026
Жазылу
Бұған дейін әйел 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланған
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы Татьяна Ригер өмірінде алғаш рет Қазақстан азаматының жеке куәлігін алды, деп хабарлады Риддер полициясы.
© Департамент полиции Восточно-Казахстанской области Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы әйел өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды
Жительница Восточно-Казахстанской области впервые получила документы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2026
Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы әйел өмірінде алғаш рет жеке куәлік алды
Ол ұзақ уақыт бойы қазіргі үлгідегі жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген. Бұған дейін әйел 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланған, алайда кейіннен оны жоғалтып алған.
"Өмірлік жағдайларға байланысты Татьяна Владимировна ұзақ уақыт бойы құжаттарын қайта рәсімдеуге мүмкіндік таппаған. Жуырда ол Риддер қаласының көші-қон қызметіне жүгінді. Қызметкерлер оған қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп, құзырлы мемлекеттік органдарға сұрау жолдады", - деп жазылған хабарламада.
Барлық қажетті рәсім аяқталғаннан кейін, тамыз айының соңында Татьяна Владимировна Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алғаш рет алды.
Цифрлық жеке куәлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2025
Алматыда 20 жыл бойы құжатсыз жүрген зейнеткер жеке куәлік алды
Жаңалықтар
0