https://sputnik.kz/20261029/zhanartylatyn-energiya-salasynda-bes-kasibi-standart-azirlenip-zhatyr-68064539.html
Жаңартылатын энергия саласында бес кәсіби стандарт әзірленіп жатыр
Жаңартылатын энергия саласында бес кәсіби стандарт әзірленіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Кәсіби стандарттарды әзірлеу кезінде энергетиканы цифрландыруға қатысты талаптар да ескерілген 29.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-29T16:03+0500
2026-10-29T16:03+0500
2026-10-29T16:04+0500
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/07ea/08/03/65412000_52:49:1055:613_1920x0_80_0_0_73a13c3dccf1631790c922415a1f4e12.jpg
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласына арналған алғашқы бес кәсіби стандарттың жобасы дайындалды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің жаңартылатын энергия көздері саласындағы Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңесінің отырысында айтылды.Жобалар күн және жел энергетикасы, сондай-ақ жасыл сутекті электрохимиялық өндіру бағыттарын қамтиды.Кәсіби стандарттарды әзірлеу кезінде энергетиканы цифрландыруға қатысты талаптар да ескерілген. Атап айтқанда, цифрлық мониторинг жүйелерін, автоматтандырылған басқаруды, өндірістік деректерді талдауды және жасанды интеллект құралдарын қолдану мәселелері қамтылған.Отырыс барысында 2027-2029 жылдарға арналған жаңартылатын энергия көздері саласындағы біліктіліктер мен дағдылар жүйесін дамыту жөніндегі салалық жоспар да қаралды. Құжат саланың болашақтағы кадр қажеттіліктерін ескеріп, мамандар даярлауды жетілдіруге бағытталған.Алдағы уақытта бес кәсіби стандарттың жобасы көпшілік талқылауы үшін "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталына орналастырылады.
https://sputnik.kz/20261028/prezident-qazaqstan-2029-zhylga-qaray-turaqty-energiya-profitsitine-qol-zhetkizui-kerek-68033345.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/03/65412000_100:61:856:628_1920x0_80_0_0_75bd5f9a5358b0b89249ac99569dfa48.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы
Жаңартылатын энергия саласында бес кәсіби стандарт әзірленіп жатыр
16:03 29.10.2026 (жаңартылды: 16:04 29.10.2026) Кәсіби стандарттарды әзірлеу кезінде энергетиканы цифрландыруға қатысты талаптар да ескерілген
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласына арналған алғашқы бес кәсіби стандарттың жобасы дайындалды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің жаңартылатын энергия көздері саласындағы Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңесінің отырысында айтылды.
Жобалар күн және жел энергетикасы, сондай-ақ жасыл сутекті электрохимиялық өндіру бағыттарын қамтиды.
"Құжаттарда күн және жел электр станцияларын жобалау, салу, пайдалануға беру, пайдалану және техникалық қызмет көрсету мамандарына қойылатын біліктілік талаптары белгіленеді", - деп жазылған Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Кәсіби стандарттарды әзірлеу кезінде энергетиканы цифрландыруға қатысты талаптар да ескерілген. Атап айтқанда, цифрлық мониторинг жүйелерін, автоматтандырылған басқаруды, өндірістік деректерді талдауды және жасанды интеллект құралдарын қолдану мәселелері қамтылған.
Отырыс барысында 2027-2029 жылдарға арналған жаңартылатын энергия көздері саласындағы біліктіліктер мен дағдылар жүйесін дамыту жөніндегі салалық жоспар да қаралды. Құжат саланың болашақтағы кадр қажеттіліктерін ескеріп, мамандар даярлауды жетілдіруге бағытталған.
Алдағы уақытта бес кәсіби стандарттың жобасы көпшілік талқылауы үшін "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталына орналастырылады.