https://sputnik.kz/20261028/prezident-qazaqstan-2029-zhylga-qaray-turaqty-energiya-profitsitine-qol-zhetkizui-kerek-68033345.html
Президент: Қазақстан 2029 жылға қарай тұрақты энергия профицитіне қол жеткізуі керек
Президент: Қазақстан 2029 жылға қарай тұрақты энергия профицитіне қол жеткізуі керек
Sputnik Қазақстан
Сол себепті Үкімет 2035 жылға қарай елдің бірыңғай ұзақ мерзімді энергетикалық балансын жаңартуы керек 28.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-28T11:46+0500
2026-10-28T11:46+0500
2026-10-28T11:48+0500
президент
қазақстан халқына арналған жолдау
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/old/222/75/2227564_0:0:501:281_1920x0_80_0_0_c5f3824587ac9de81a9ab8bd94901725.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қазақстан 2029 жылға қарай тұрақты энергия профицитіне қол жеткізуі керек, деді Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа арнаған жолдауында.Мемлекет басшысы Қазақстан үшін шикізат артықшылығын тұрақты энергетикалық мен технологиялық прогреске айналдыру өте маңызды екенін айтты. Сонымен қатар ол елде кәсіби энергетика мамандары өте аз екенін де еске салды.Тоқаев сондықтан Балқаштағы жылу электр орталығының құрылысы тұралап қалғаны таңқаларлық жағдай емес екенін айтты.Мемлекет басшысы Қазақстан қазір өндіріп отырған электр энергиясының көлемі жеткіліксіз екенін баса айтты."Қазақстан 123 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді. Индустриясы, құрылысы, агроөнеркәсіптік кешені дамып келе жатқан және ең бастысы, экономиканы толық цифрландыру және жасанды интеллектті қоғамдық өмірдің барлық саласына енгізу, соның ішінде деректер өңдеу орталықтарын салу жоспары бар ел үшін электр энергиясын өндірудің бұл көлемі өте жеткіліксіз. Сондықтан біздің алдымызда 2029 жылға қарай тұрақты энергия профицитіне қол жеткізу міндеті тұр", - деді Тоқаев.Президент осы мақсатта жаңа электр станциялары мен электр беру желілерін салып, қолданыстағыларын жаңғыртуға, "таза" көмір генерациясын толық дамытуға және жаңартылатын энергия көздеріне, ең алдымен күн электр станцияларына назар аудару керектігін айтты.Сол себепті Үкімет 2035 жылға қарай елдің бірыңғай ұзақ мерзімді энергетикалық балансын жаңартуы керек.
https://sputnik.kz/20261028/toqaev-eki-zhana-aes-qurylysyn-bastaudy-tapsyrdy-68031981.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/222/75/2227564_0:0:501:375_1920x0_80_0_0_e370af90158937a6780b64e402cc86f7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қазақстан халқына арналған жолдау, жылу электр орталығы
президент, қазақстан халқына арналған жолдау, жылу электр орталығы
Президент: Қазақстан 2029 жылға қарай тұрақты энергия профицитіне қол жеткізуі керек
11:46 28.10.2026 (жаңартылды: 11:48 28.10.2026) Сол себепті Үкімет 2035 жылға қарай елдің бірыңғай ұзақ мерзімді энергетикалық балансын жаңартуы керек
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қазақстан 2029 жылға қарай тұрақты энергия профицитіне қол жеткізуі керек, деді Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа арнаған жолдауында.
Мемлекет басшысы Қазақстан үшін шикізат артықшылығын тұрақты энергетикалық мен технологиялық прогреске айналдыру өте маңызды екенін айтты. Сонымен қатар ол елде кәсіби энергетика мамандары өте аз екенін де еске салды.
"Қазақстанның энергетика саласы жыл сайын күрделі тапшылыққа тап болады, сондықтан қыста электр энергиясы көрші елдерден жоғары бағамен сатып алынады, содан кейін жазда айтарлықтай төмендетілген бағамен қайтарылады. Бұл қарапайым "бизнес" ондаған жылдар бойы жалғасып келеді. Мені бұл энергетика саласында қалыпты тәжірибе екеніне сендіруге тырысып жатыр", - деді президент.
Тоқаев сондықтан Балқаштағы жылу электр орталығының құрылысы тұралап қалғаны таңқаларлық жағдай емес екенін айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстан қазір өндіріп отырған электр энергиясының көлемі жеткіліксіз екенін баса айтты.
"Қазақстан 123 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді. Индустриясы, құрылысы, агроөнеркәсіптік кешені дамып келе жатқан және ең бастысы, экономиканы толық цифрландыру және жасанды интеллектті қоғамдық өмірдің барлық саласына енгізу, соның ішінде деректер өңдеу орталықтарын салу жоспары бар ел үшін электр энергиясын өндірудің бұл көлемі өте жеткіліксіз. Сондықтан біздің алдымызда 2029 жылға қарай тұрақты энергия профицитіне қол жеткізу міндеті тұр", - деді Тоқаев.
Президент осы мақсатта жаңа электр станциялары мен электр беру желілерін салып, қолданыстағыларын жаңғыртуға, "таза" көмір генерациясын толық дамытуға және жаңартылатын энергия көздеріне, ең алдымен күн электр станцияларына назар аудару керектігін айтты.
Сол себепті Үкімет 2035 жылға қарай елдің бірыңғай ұзақ мерзімді энергетикалық балансын жаңартуы керек.