Президент "Көкшетау – Петропавл" тас жолын кеңейтуді тапсырды – мерзімі жарияланды

© Photo : Пресс-служба АО "КазАвтоЖол"Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2026
Жазылу
Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Көлік министрлігі "Көкшетау – Петропавл" тас жолын кеңейту жоспарын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев кешегі жолдауда "Көкшетау – Петропавл" тас жолын кеңейтуді тапсырған болатын. Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, қазір дайындық жұмыстары басталып кетті.
"Көкшетау – Петропавл учаскесі бойынша биыл дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады", - деді Ластаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Арал–Каспий автожолының құрылысы келесі жылы тамыз айында басталды. Аяқтау мерзімі - 2028 жыл. Сонымен қатар 37 автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жұмыстары 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Қазақстан халқына Жолдау - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Тоқаев алдағы үш жылдың жұмысын айқындады – Жолдау жүктеген негізгі міндеттер
Жаңалықтар
0