Тоқаев алдағы үш жылдың жұмысын айқындады – Жолдау жүктеген негізгі міндеттер

© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі Қазақстан халқына Жолдау
Қазақстан халқына Жолдау - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Жазылу
Президент бүгінгі жолдауын Қазақстанды ауқымды құрылыс алаңына айналдыру қажеттігінен бастады
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы жолдауында алдағы үш жылдың жұмысын айқындап берді. Оған ұлттық қордан қыруар қаржы бөлінеді. Ал ең төменгі жалақының көтерудің нәтижесінде миллиондаған адамның табысы артады. Жалақысы 40 процентке өсетін мамандар да бар. Sputnik Қазақстан Жолдау жүктеген негізгі міндеттерді ұсынады.

"Халықтық құрылыс" басталады

Президент бүгінгі жолдауын Қазақстанды ауқымды құрылыс алаңына айналдыру қажеттігінен бастады. Алдағы уақытта осы жұмысқа баса назар аударылады. Барлық аймақта жаппай құрылыс жұмыстары қолға алынады.
Бірінші кезекте салынатын нысандар:
70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны (перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары мен ерекше балалардың сұранысына сай спортзалдар);
50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемелері.
Бұдан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді. Көптеген елді мекендерге газ және таза ауыз су тартылады. Жылдың соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімі әзірленеді.ү
Бұл ауқымды жұмысты іске асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді. Ал осы бастама "Халықтық құрылыс" деп аталады.
Тоқаев келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Жолдар жаңартылады

Келесі жылы іске қосылатын және қолға алынатын жобалар:
"Бақты – Аягөз" теміржол желісі іске қосылады;
тамыз айында "Арал – Каспий" күре жолының құрылысы басталды;
"Көкшетау – Петропавл" тас жолын кеңейтіледі.
Бұдан былай барлық жолды жөндеу жұмыстарымен көлік министрлігі айналысады.

АЭС-тардың құрылысы басталады

Тоқаев 2029 жылға қарай энергия профицитін, яғни, қуат көздерін артығымен өндіруді тапсырды. Ол жаңа электрстанциялар салынады, ал қазіргі нысандар жаңартылады.
Негізгі тапсырмалар:
"Балқаш" атом электр станциясының құрылысын бастау;
"Мойынқұм" атом электр станциясының құрылысын бастау үшін келісімді рәсімдеу;
уранның мемлекеттік қорын жасау;
маңызды металдардың қорын тиімді басқаратын ұлттық жүйе құру.

Үкімет тағы немен айналысады

Министрлер кабинеті алдында маңызды міндеттер тұр. Соның ішінде бұрыннан бері айтылып келе жатқан мәселелер де бар. Президент соның бәрін шұғыл шешуге тапсырма берді.
ауыз суды ретсіз пайдалануды, соның ішінде көлік жуу орындарында мақсатсыз жұмсауды қысқарту;
Алатауды ағылшын моделі негізінде сот төрелігін енгізу;
2027 жылы 1 қаңтардан бастап шағын және микробизнесті тексеруге тағы үш жылдық мораторийді енгізу;
бизнестің ұсыныстарын ескеріп, Салық кодексіне өзгерістер әзірлеу;
ауқатты адамдар үшін салықтың жоғары мөлшерлемесін енгізу;
денсаулық саласында учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыру;
Азаматтық кодексті келесі жылдың аяғына дейін қабылдау;
ұялы телефон уақыт жоғалтатын қымбат ойыншық емес, тиімді жұмыс құралына айналатындай халықтық цифрлық экономиканы құру.
Бұдан бөлек, президент келесі жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Осының арқасында 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысы артады.

Жәрдемақылардың жаңа жүйесі

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындаудың жаңа тәртібіне қатысты пікір де білдірді. Келесі жылдан бастап ондаған жәрдемақылар әрбір отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай тағайындалады.
"Бұл күрделі мәселені "өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай", байыппен, салмақты көзқараспен шешу қажет. Артық қыламын деп, тыртық қылуға мүлдем болмайды. Кез келген реформа терең сарапталып, мұқият зерттеліп, азаматтардың жағдайын мейлінше ескере отырып жүргізілуге тиіс", - деді Тоқаев.
Қазақстан президенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Тоқаев ең төменгі жалақы мөлшерін 110 мың теңгеге дейін ұлғайтуды тапсырды
Жаңалықтар
0