Тоқаев ең төменгі жалақы мөлшерін 110 мың теңгеге дейін ұлғайтуды тапсырды

Қазақстан президенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Жазылу
Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына арнаған жолдауында елдегі ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін ұлғайтуды тапсырды.

"Біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді, деді президент.
Президент Қазақстан алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән беріп отырғанын, осы тұрғыдан алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды екенін айтты.
"Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын", - деді Тоқаев.
Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді.
Электр энергиясы бағандары - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Президент: Қазақстан 2029 жылға қарай тұрақты энергия профицитіне қол жеткізуі керек
Жаңалықтар
0