Петропавл тұрғыны үйрек етінен дайындалған шұжықты заңсыз өндірген

© Photo : Ішкі істер министрлігіПетропавл тұрғыны шұжықты заңсыз өндірген
Петропавл тұрғыны шұжықты заңсыз өндірген - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2026
Жазылу
Заңсыз өндірісті ұйымдастырған 41 жастағы қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Петропавлда ет өнімдерін заңсыз өндіретін цехты анықталды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.
Ұйымдастырушының айтуынша, ол үйрек етін сатып алып, оны өңдеп, шетелдік брендінің атауы бар қаптамамен қаптап, қала базарлары арқылы саудалаған.

"Заңсыз өндірісті ұйымдастырған 41 жастағы қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ветеринариялық инспекция қызметкерлері оны ветеринариялық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартты", - дейді полицияда.

Полицейлер тұрғындарды азық-түлік сатып алу кезінде мұқият болуға, брендтік өнімдерді фирмалық дүкендерден алуға және тауардың заңдылығын растайтын құжаттарды талап етуге шақырады.
Балқаш маңында заңсыз қазылған үш карьер анықталды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2026
Залал 485 млн теңге: Балқаш маңында заңсыз қазылған үш карьер анықталды
Жаңалықтар
0