https://sputnik.kz/20261023/zalal-485-mln-tenge-balqash-manynda-zansyz-qazylgan-ush-karer-anyqtaldy---67892756.html
Залал 485 млн теңге: Балқаш маңында заңсыз қазылған үш карьер анықталды
Залал 485 млн теңге: Балқаш маңында заңсыз қазылған үш карьер анықталды
Sputnik Қазақстан
Темір мен марганец кені заңсыз өндіріліп, сату үшін теміржол станциясына жеткізіліп отырған 23.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-23T11:11+0500
2026-10-23T11:11+0500
2026-10-23T11:11+0500
балқаш
қазба жұмыстары
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/17/67887146_0:0:603:339_1920x0_80_0_0_c122532d91d27e48d12898bfdc97047a.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Балқаш қаласына жақын жерде заңсыз қазылған үш карьер анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Саяқ ауылының маңында темір мен марганец кені заңсыз өндірілген. Оны "Vertex Co." және "MiningMetall" ЖШС директоры ұйымдастырған.Бірақ ешқандай рұқсат қағаздары болмаған.Өндірілген кен сыртқа шығару және сату үшін теміржол станциясына жеткізіліп отырған. Ал қазып алынған топырақтың жалпы көлемі 338 мың текше метрге жеткен.Мамандардың есебі бойынша бүлінген жерді қалпына келтіріп, карьерлерді қайта өңдеуге жарамды күйге келтіру үшін 485 млн теңге қажет.Қазіргі кезде соттың рұқсатымен екі арнайы техникаға, бір автокөлікке және коммерциялық үй-жайға тыйым салынды.Күдіктіге кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20260807/qyzylorda-oblysynda-altyndy-zansyz-ondirgen-qylmystyq-top-ustaldy-65523471.html
балқаш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/17/67887146_64:0:544:360_1920x0_80_0_0_7c8a4bf85bb9f6d8560681819cffe79f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балқаш, қазба жұмыстары
Залал 485 млн теңге: Балқаш маңында заңсыз қазылған үш карьер анықталды
Темір мен марганец кені заңсыз өндіріліп, сату үшін теміржол станциясына жеткізіліп отырған
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Балқаш қаласына жақын жерде заңсыз қазылған үш карьер анықталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Саяқ ауылының маңында темір мен марганец кені заңсыз өндірілген. Оны "Vertex Co." және "MiningMetall" ЖШС директоры ұйымдастырған.
Бірақ ешқандай рұқсат қағаздары болмаған.
"Кен орындарын игеруге жалдамалы жұмысшылар мен экскаваторлар, тиегіштер, кен ұсататын қондырғы және самосвалдар сияқты арнайы техникалар тартылған. Тексеру барысында жердің үстіңгі қабаты ауқымды көлемде аршылып, кен қазылған үш карьер анықталды", - дейді агенттік мамандары.
Өндірілген кен сыртқа шығару және сату үшін теміржол станциясына жеткізіліп отырған. Ал қазып алынған топырақтың жалпы көлемі 338 мың текше метрге жеткен.
Мамандардың есебі бойынша бүлінген жерді қалпына келтіріп, карьерлерді қайта өңдеуге жарамды күйге келтіру үшін 485 млн теңге қажет.
Қазіргі кезде соттың рұқсатымен екі арнайы техникаға, бір автокөлікке және коммерциялық үй-жайға тыйым салынды.
Күдіктіге кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.