Видео

Қызылорда облысында алтынды заңсыз өндірген қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2026
Жазылу
Заңсыз өндірілген алтын Алматы қаласына жеткізілген
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысындағы Шиелі ауданында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Топ мүшелері Жаманкөл шатқалында күрделі өндірістік өңдеуді қажет етпейтін табиғи алтынды заңсыз өндірген. Әрқайсының нақты міндеттері болған. Біреуі алтын іздеушілерді тарту мен өндіру жұмысын ұйымдастырса, енді біреулер тасымалдау мен сатуға жауапты болған.

"Тағы бір бөлігі қауіпсіздікті қамтамасыз еткен. Ал заңсыз әрекетті жасыру үшін аумақтың айналасына бақылаушылар қойылып, мотоцикл мінген адамдар маңайды торуылдаған. Олар бөгде адамдардың немесе мемлекеттік орган қызметкерлерінің келгенін алдын ала ескертіп отырған", - дейді агенттік мамандары.

Ал заңсыз өндірілген алтын Алматы қаласына жеткізілген. Одан түскен ақшаны топ мүшелері өзара бөлісіп отырған.
Тінту кезінде құрамында алтыны бар 500 грамнан астам шикізат, 2 арнайы техника, 12 металл іздегіш құрылғы және 6 автокөлік тәркіленді.
Сондай-ақ 2 пневматикалық тапанша мен тегіс ұңғылы мылтық табылды.
Қазірке кезде 13 адам қамауға алынды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Құм - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Қостанай облысында кәсіпорын Тобыл өзенінің жағалауынан құмды заңсыз өндірген
Жаңалықтар
0