https://sputnik.kz/20261029/en-tomengi-zhalaqy-koterilgennen-keyin-tagy-qanday-tolemder-ozgeredi-68068098.html
Ең төменгі жалақы көтерілгеннен кейін тағы қандай төлемдер өзгереді
Ең төменгі жалақы көтерілгеннен кейін тағы қандай төлемдер өзгереді
Sputnik Қазақстан
2027 жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты бала күтіміне арналған ай сайынғы әлеуметтік төлемнің ең жоғары есептік мөлшері 238 мыңнан 308 мың... 29.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-29T18:31+0500
2026-10-29T18:31+0500
2026-10-29T18:39+0500
жалақы
орташа жалақы
ең төменгі күнкөріс деңгейі
жәрдемақы
әлеуметтік төлем
https://sputnik.kz/img/1249/27/12492708_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_7aa9ea6653e01c65d2f23622f057e0fa.jpg
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл өзгеріс жалақыға ғана емес, бірқатар әлеуметтік төлемнің мөлшеріне де әсер етеді. Sputnik Қазақстан ең төменгі жалақы өскенде қандай төлемдер өзгеретінін зерделеп көрді.Отыз үш жылда 6,5 мың есе өстіҚазақстанда ең төменгі жалақы базалық көрсеткіш ретінде алғаш рет 1993 жылы енгізілді. Сол кезде оның мөлшері 13 теңге болған. Кейін бұл көрсеткіш халықтың күнкөріс деңгейі мен инфляцияға байланысты өзгеріп отырды. Осылайша, 33 жыл ішінде ең төменгі жалақы 6,5 мың есеге өсіп, 85 мың теңгеге жетті.Заң бойынша жұмыс берушілер қызметкерлерге ең төменгі жалақыдан кем төлемеуге міндетті. Бұдан бөлек, бұл көрсеткіш бірқатар әлеуметтік төлемді есептеу кезінде қолданылады.Кімдердің жалақысы көбейедіПрезиденттің тапсырмасына сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі.Жұмыс берушілер де қызметкерлерге заңда белгіленген ең төменгі жалақыдан кем төлемеуі керек.Әлеуметтік төлемдер де өзгередіМемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін азаматтарға белгілі бір жағдайларда әлеуметтік төлемдер беріледі. Олардың қатарына:Бұл төлемдердің мөлшері азаматтың табысына және заңда белгіленген есептеу тәртібіне байланысты. Кейбір төлемдерді есептеу кезінде ең төменгі жалақыға негізделген шекті көрсеткіштер қолданылады.Жүктілік пен босануға байланысты төлем артадыЖүктілік пен босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлем соңғы 12 айдағы орташа айлық табыс негізінде есептеледі. Есепке алынатын айлық табыс жеті ең төменгі жалақыдан аспауы керек.Қазіргі шекті мөлшер: 85 000 × 7 = 595 000 теңге.2027 жылғы шекті мөлшер: 110 000 × 7 = 770 000 теңге.Одан кейін орташа айлық табыс 4,2 коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, есепке алынатын табыстың ең жоғары шегі бойынша жүктілік пен босануға байланысты біржолғы төлемнің есептік сомасы биыл 2 499 000 теңгені (595 000 × 4,2) құраса, 2027 жылы 3 234 000 теңгеге (770 000 × 4,2) дейін жетеді.Бұл – есептеуге қолданылатын ең жоғары сомалар. Нақты төлем азаматтың табысына және басқа да есептеу шарттарына байланысты болады.Декреттік төлем көбейедіБала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлем соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40%-ы мөлшерінде есептеледі. Бұл ретте есепке алынатын орташа айлық табыс жеті ең төменгі жалақыдан аспауы керек.Осылайша, қазір төлемді есептеу кезінде ескерілетін табыстың ең жоғары шегі 595 мың теңге болса, ай сайынғы төлемнің ең жоғары есептік мөлшері 238 мың теңгені құрайды. 2027 жылы бұл шек 770 мың теңгеге дейін өсіп, ай сайынғы төлемнің ең жоғары есептік мөлшері 308 мың теңгеге жетеді.Айта кетейік, 2027 жылдан бастап әйелдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтіміне байланысты төлем алып жүріп, жұмысқа шыға алады. Ал ер адамдар бала күтімі бойынша демалысқа шыққан жағдайда, қордан мұндай әлеуметтік төлем алмайды.Жұмысынан айырылған азаматтардың төлеміЖұмысынан айырылуға байланысты әлеуметтік төлем де соңғы 24 айдағы орташа айлық табыс негізінде есептеледі. Төлем мөлшері табыстың 45%-ына дейін жетуі мүмкін. Есепке алынатын орташа табыстың шекті мөлшері жеті ең төменгі жалақыдан аспайды.Осыған сәйкес:Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары ұсталады.Жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы мерзімі өзгереді2027 жылдан бастап жұмысынан айырылуға байланысты әлеуметтік төлемді төлеу мерзіміне қатысты өзгерістер енгізу жоспарланған. Төлем мерзімі әлеуметтік аударымдардың ұзақтығына қарай белгіленеді:Жұмыссыз қалған азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсыну, тегін қайта даярлау және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру сияқты қолдау шаралары да қарастырылған.Міндетті жарналардың мөлшері де артадыБүгінде Қазақстанда жалақыдан міндетті зейнетақы жарнасы ретінде 10%, ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 2% ұсталады. Ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге көтерілгенде, осы көрсеткішке байланысты есептелетін жарналардың сомасы да артады.Ал жеке табыс салығы 10% мөлшерлемемен есептелгенімен, салықтық шегерімдер ескерілетіндіктен, ең төменгі жалақыға салық салынбайды.
https://sputnik.kz/20261028/toqaev-en-tomengi-zhalaqy-molsherin-ulgaytudy-tapsyrdy-68036043.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1249/27/12492708_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_5b4d5884f4808ec98790989746cd4d52.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы, орташа жалақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі, жәрдемақы, әлеуметтік төлем
жалақы, орташа жалақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі, жәрдемақы, әлеуметтік төлем
Ең төменгі жалақы көтерілгеннен кейін тағы қандай төлемдер өзгереді
18:31 29.10.2026 (жаңартылды: 18:39 29.10.2026) 2027 жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты бала күтіміне арналған ай сайынғы әлеуметтік төлемнің ең жоғары есептік мөлшері 238 мыңнан 308 мың теңгеге дейін артады
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл өзгеріс жалақыға ғана емес, бірқатар әлеуметтік төлемнің мөлшеріне де әсер етеді.
Sputnik Қазақстан ең төменгі жалақы өскенде қандай төлемдер өзгеретінін зерделеп көрді.
Отыз үш жылда 6,5 мың есе өсті
Қазақстанда ең төменгі жалақы базалық көрсеткіш ретінде алғаш рет 1993 жылы енгізілді. Сол кезде оның мөлшері 13 теңге болған. Кейін бұл көрсеткіш халықтың күнкөріс деңгейі мен инфляцияға байланысты өзгеріп отырды. Осылайша, 33 жыл ішінде ең төменгі жалақы
6,5 мың есеге өсіп, 85 мың теңгеге жетті.Заң бойынша жұмыс берушілер қызметкерлерге ең төменгі жалақыдан кем төлемеуге міндетті. Бұдан бөлек, бұл көрсеткіш бірқатар әлеуметтік төлемді есептеу кезінде қолданылады.
Кімдердің жалақысы көбейеді
Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі.
"Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында.
Жұмыс берушілер де қызметкерлерге заңда белгіленген ең төменгі жалақыдан кем төлемеуі керек.
Әлеуметтік төлемдер де өзгереді
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін азаматтарға белгілі бір жағдайларда әлеуметтік төлемдер беріледі. Олардың қатарына:
бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтімге байланысты төлем;
еңбекке қабілеттілігінен айырылуға байланысты төлем;
жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты төлем;
асыраушысынан айырылуға байланысты төлем;
жұмысынан айырылуға байланысты төлем жатады.
Бұл төлемдердің мөлшері азаматтың табысына және заңда белгіленген есептеу тәртібіне байланысты. Кейбір төлемдерді есептеу кезінде ең төменгі жалақыға негізделген шекті көрсеткіштер қолданылады.
Жүктілік пен босануға байланысты төлем артады
Жүктілік пен босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлем соңғы 12 айдағы орташа айлық табыс негізінде есептеледі. Есепке алынатын айлық табыс жеті ең төменгі жалақыдан аспауы керек.
Қазіргі шекті мөлшер: 85 000 × 7 = 595 000 теңге.
2027 жылғы шекті мөлшер: 110 000 × 7 = 770 000 теңге.
Одан кейін орташа айлық табыс 4,2 коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, есепке алынатын табыстың ең жоғары шегі бойынша жүктілік пен босануға байланысты біржолғы төлемнің есептік сомасы биыл 2 499 000 теңгені (595 000 × 4,2) құраса, 2027 жылы 3 234 000 теңгеге (770 000 × 4,2) дейін жетеді.
Бұл – есептеуге қолданылатын ең жоғары сомалар. Нақты төлем азаматтың табысына және басқа да есептеу шарттарына байланысты болады.
Бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлем соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40%-ы мөлшерінде есептеледі. Бұл ретте есепке алынатын орташа айлық табыс жеті ең төменгі жалақыдан аспауы керек.
Осылайша, қазір төлемді есептеу кезінде ескерілетін табыстың ең жоғары шегі 595 мың теңге болса, ай сайынғы төлемнің ең жоғары есептік мөлшері 238 мың теңгені құрайды. 2027 жылы бұл шек 770 мың теңгеге дейін өсіп, ай сайынғы төлемнің ең жоғары есептік мөлшері 308 мың теңгеге жетеді.
Айта кетейік, 2027 жылдан бастап әйелдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтіміне байланысты төлем алып жүріп, жұмысқа шыға алады. Ал ер адамдар бала күтімі бойынша демалысқа шыққан жағдайда, қордан мұндай әлеуметтік төлем алмайды.
Жұмысынан айырылған азаматтардың төлемі
Жұмысынан айырылуға байланысты әлеуметтік төлем де соңғы 24 айдағы орташа айлық табыс негізінде есептеледі. Төлем мөлшері табыстың 45%-ына дейін жетуі мүмкін. Есепке алынатын орташа табыстың шекті мөлшері жеті ең төменгі жалақыдан аспайды.
қазіргі ең жоғары есептік сома: 595 000 × 45% = 267 750 теңге;
2027 жылғы ең жоғары есептік сома: 770 000 × 45% = 346 500 теңге.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары ұсталады.
Жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы мерзімі өзгереді
2027 жылдан бастап жұмысынан айырылуға байланысты әлеуметтік төлемді төлеу мерзіміне қатысты өзгерістер енгізу жоспарланған. Төлем мерзімі әлеуметтік аударымдардың ұзақтығына қарай белгіленеді:
аударымдар 6 айдан 12 айға дейін жүргізілсе – 1 ай;
12 айдан 24 айға дейін жүргізілсе – 2 ай;
24 айдан астам уақыт жүргізілсе – 3 ай.
Жұмыссыз қалған азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсыну, тегін қайта даярлау және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру сияқты қолдау шаралары да қарастырылған.
Міндетті жарналардың мөлшері де артады
Бүгінде Қазақстанда жалақыдан міндетті зейнетақы жарнасы ретінде 10%, ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 2% ұсталады. Ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге көтерілгенде, осы көрсеткішке байланысты есептелетін жарналардың сомасы да артады.
Ал жеке табыс салығы 10% мөлшерлемемен есептелгенімен, салықтық шегерімдер ескерілетіндіктен, ең төменгі жалақыға салық салынбайды.