Видео

Бай-бағландарға арналған салық мөлшерлемесі: Бектенов нақты тапсырма берді

Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.10.2026
Жазылу
Бұдан бөлек, жергілікті жерлерде салықтардың жиналуын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдануы шарт
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов бай-бағландарға арналған салық мөлшерлемесі бойынша нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында Бектенов аса ауқатты азаматтарға арналған салық мөлшерлемесіне қатысты нақты ұсыныс енгізуді жүктеді.
"Ұлттық экономика және қаржы министрліктері бір ай мерзімде халықаралық тәжірибені зерделеп, аса ауқатты азаматтарға салық салу тәсілдерін енгізсін", - деді Бектенов.
Бұдан бөлек, жергілікті жерлерде салықтардың жиналуын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдануы шарт. Ал көлеңкелі экономика деңгейін төмендету үшін салық және кедендік әкімшілендіруді, оның ішінде жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, толық цифрландыру жұмысы аяқталуы керек.
Айта кетері, кешегі жолдауда Тоқаев аса ауқатты адамдар үшін салықтың жоғары мөлшерлемесін енгізуді ұсынған болатын. Президенттің айтуынша, оған уақыт келді.
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
"Уақыт келді": президент ауқатты адамдарға салықтың жоғары мөлшерлемесін енгізуді ұсынды
Жаңалықтар
0