"Уақыт келді": президент ауқатты адамдарға салықтың жоғары мөлшерлемесін енгізуді ұсынды

© Региональная служба коммуникаций Алматинской областиДеньги, калькулятор. Иллюстративное фото
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Жазылу
Үкімет пен Құрылтайға бұл мәселені зерттеп, ұсыныстар енгізуді тапсырды
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауқатты адамдар үшін салықтың жоғары мөлшерлемесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі Жолдау кезінде президент салық салудың әділдігіне ерекше тоқталды.
"Ірі мал-мүлкі бар адамдар үшін салықтың жоғары мөлшерлемесін енгізу мәселесін қарастыратын уақыт келді деп ойлаймын. Заңды активтерді ешкім шектемейді. Осыны ерекше атап өткім келеді",-деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, әрбір адам ел дамуына жағдайына сай үлес қосуы қажет. Әділдік деген сол.
"Үкімет пен Құрылтай осы мәселені зерделеп, ұсыныс әзірлеуі керек. Салық салудың әділдігі ашықтықтық талап етеді. Демек, жаппай цифровизация қажет", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Қазақстан президенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Тоқаев ең төменгі жалақы мөлшерін 110 мың теңгеге дейін ұлғайтуды тапсырды
Жаңалықтар
0