https://sputnik.kz/20261029/batys-qazaqstanda-zansyz-kiik-atqan-anshy-16-mln-tenge-otemaqy-toleytin-boldy-68058878.html
Батыс Қазақстанда заңсыз киік атқан аңшы 1,6 млн теңге өтемақы төлейтін болды
Батыс Қазақстанда заңсыз киік атқан аңшы 1,6 млн теңге өтемақы төлейтін болды
Sputnik Қазақстан
Сот шешімі бойынша, оған шығынды өз еркімен төлеу үшін бір ай мерзім берілді 29.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-29T12:43+0500
2026-10-29T12:43+0500
2026-10-29T12:44+0500
батыс қазақстан облысы
киік
аңшылық
https://sputnik.kz/img/528/08/5280880_0:1639:3168:3421_1920x0_80_0_0_b627c0867a73f126cac7f9806605d66f.jpg
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында киікті заңсыз атқан тұрғын сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.Заңсыз аңшылықпен айналысқан жергілікті тұрғын сот алдында жауап берді. Табиғатқа залал келтіргені үшін ол бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, мемлекетке ірі көлемде өтемақы төлейтін болды.Сонымен қатар мемлекеттік аңшылық қорғанысы мен экологияға келтірілген шығынды өтеу мақсатында, сотталған мемлекет пайдасына 1 621 875 теңге көлемінде материалдық залалдың орнын толтыратын болады.Сот шешімі бойынша, оған шығынды өз еркімен төлеу үшін бір ай мерзім берілді. Егер бекітілген мерзім ішінде материалдық залал қайтарылмаса, өндіріп алу шаралары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылатын болады.
https://sputnik.kz/20260908/aqmola-oblysynda-an-aulauga-shyqqan-er-adam-oqqa-ushty-66470199.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/528/08/5280880_0:1342:3168:3718_1920x0_80_0_0_9f72b02a66637bdeda338be2919f5398.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, киік, аңшылық
батыс қазақстан облысы, киік, аңшылық
Батыс Қазақстанда заңсыз киік атқан аңшы 1,6 млн теңге өтемақы төлейтін болды
12:43 29.10.2026 (жаңартылды: 12:44 29.10.2026) Сот шешімі бойынша, оған шығынды өз еркімен төлеу үшін бір ай мерзім берілді
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданында киікті заңсыз атқан тұрғын сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.
Заңсыз аңшылықпен айналысқан жергілікті тұрғын сот алдында жауап берді. Табиғатқа залал келтіргені үшін ол бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, мемлекетке ірі көлемде өтемақы төлейтін болды.
"Сотталушы тиісті рұқсат қағаздарсыз мамыр айында жабайы аң-елікті даладан атып алған. Оның бұл заңсыз әрекетін дер кезінде "Охотзоопром" РМҚК инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірлесіп анықтап, қылмыстық іс қозғалған. Сот талқылауының нәтижесінде кінәлі азаматқа қатысты бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - дейді сот.
Сонымен қатар мемлекеттік аңшылық қорғанысы мен экологияға келтірілген шығынды өтеу мақсатында, сотталған мемлекет пайдасына 1 621 875 теңге көлемінде материалдық залалдың орнын толтыратын болады.
Сот шешімі бойынша, оған шығынды өз еркімен төлеу үшін бір ай мерзім берілді. Егер бекітілген мерзім ішінде материалдық залал қайтарылмаса, өндіріп алу шаралары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылатын болады.