Ақмола облысында аң аулауға шыққан ер адам оққа ұшты

© Photo : ДВД АлматыМылтық
Мылтық - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2026
Жазылу
6 қыркүйекте болған оқиға туралы әлеуметтік желіде жазылды
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Ақмола облысының Зеренді ауданында аң аулауға шыққандардың бірі серіктесін атып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
6 қыркүйекте болған оқиға туралы әлеуметтік желіде жазылды.
Алты адам елік аулауға шыққан. Аңшылардың бірі мылтықтан артқа қарай абайсызда оқ атқан. Оқ оның артында тұрған 64 жастағы ер адамға тиген.
Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қару иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мылтық Көкшетау қаласының тұрғынына тиесілі болған", - дейді Ақмола облысының полиция департаменті.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
Қостанайда бұрынғы әйелін аңшылық қарумен қасақана атып өлтірген ер адам сотталды
Жаңалықтар
0