Қазақстан Оңтүстік Азияда "Білім беру" көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

© Photo : акиматОқушы
Оқушы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Жазылу
Тағы бір маңызды жетістік - Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі оқушылар мен педагогтер санының арақатынасы бойынша 69 елдің арасында екінші орын алуы
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында "Білім беру" көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
2025 жылғы Жаһандық инновациялар индексінің (Global Innovation Index) нәтижесі бойынша Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында "Білім беру" көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды. Әлемдік рейтингте еліміз 68-орынға шықты.
"Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде де оң динамика байқалды. "Білім беру" көрсеткіші бойынша Қазақстан 69 елдің арасында 2021 жылғы 45-орыннан 2025 жылы 38-орынға көтеріліп, соңғы бес жылдағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Тағы бір маңызды жетістік - Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі оқушылар мен педагогтер санының арақатынасы бойынша 69 елдің арасында екінші орын алуы. IMD-ның Әлемдік таланттар рейтингінің мәліметіне сәйкес, елімізде бір педагогке 8,34 оқушыдан келеді.
Халықаралық рейтингтердің көрсеткіштері Қазақстанның білім беру саласындағы орнын айқындап, адами капиталды нығайтудағы білім беру жүйесін жүйелі дамытудың маңызын көрсетеді, дейді министрлікте.
Мужчина с телефоном в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде алты орынға төмендеді
Жаңалықтар
0