https://sputnik.kz/20260717/qazaqstan-mobildi-internet-zhyldamdygy-reytinginde-alty-orynga-tomendedi-64951204.html
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде алты орынға төмендеді
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде алты орынға төмендеді
Sputnik Қазақстан
Қазақстан әлемдік рейтингіде қаңтарда 50-орында болса, мамырда 56-орынға тұрақтаған 17.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-17T08:00+0500
2026-07-17T08:00+0500
2026-07-17T08:00+0500
интернет
қазақстан
рейтинг
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0f/24222956_0:0:2997:1686_1920x0_80_0_0_1dce400875a6f3bfa9b0940f69ee9de9.jpg
АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Ookla мәліметінше, биыл мамырда әлемдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 113,16 Мбит/с болды. Жаһандық рейтингте бірінші орынды Біріккен Араб Әмірліктері иеленді, деп хабарлайды Energyprom.kz.Интернет жылдамдығы бойынша БАӘ-ден кейін Катар, Кувейт, Бахрейн және Бразилия орналасқан.Қазақстан мамыр айында мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингіде 101 елдің ішінде 56-орынға жайғасты. Елдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 88,11 Мбит/с болды. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 25,05 Мбит/с төмен.Қазақстанда мобильді интернет жылдамдығы жыл басынан бері төмендеп келеді. Атап айтқанда, қаңтарда көрсеткіш 100,2 Мбит/с болса, сәуірде 89,16 Мбит/с, ал мамырда 88,11 Мбит/с құрады.Сонымен қатар Қазақстан әлемдік рейтингтегі орнын жоғалтты. Қаңтарда 50-орында, ақпанда 49-орында, наурызда 51-орында, сәуірде 52-орында, ал мамырда 56-орында болды.Көршілес елдердің де рейтингі төмендеген. Өзбекстан қаңтардағы 76-орыннан мамырда 77-орынға, ал Қырғызстан 77-орыннан 82-орынға түсті.Жыл басынан бері Қазақстанның ірі қалаларында да мобильді интернет жылдамдығы азайған. Алматыда көрсеткіш қаңтарда 148,06 Мбит/с болса, сәуірде 120,67 Мбит/с, мамырда 115,55 Мбит/с дейін төмендеді. Қала мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте де төмендеді: қаңтарда 60-орында болса, сәуірде 77-орынға, мамырда 84-орынға түсті.Ал Астанада мобильді интернеттің орташа жылдамдығы қаңтардағы 146,09 Мбит/с-тан сәуірде 120,24 Мбит/с-қа дейін төмендеді.
https://sputnik.kz/20260708/ushaqtarda-internet-qosylady--ministrlik-64762793.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0f/24222956_326:0:2574:1686_1920x0_80_0_0_dbbbabb9c782ddebb69f88a1532568d0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет, қазақстан, рейтинг
интернет, қазақстан, рейтинг
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде алты орынға төмендеді
Қазақстан әлемдік рейтингіде қаңтарда 50-орында болса, мамырда 56-орынға тұрақтаған
АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Ookla мәліметінше, биыл мамырда әлемдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 113,16 Мбит/с болды. Жаһандық рейтингте бірінші орынды Біріккен Араб Әмірліктері иеленді, деп хабарлайды
Energyprom.kz. Интернет жылдамдығы бойынша БАӘ-ден кейін Катар, Кувейт, Бахрейн және Бразилия орналасқан.
Қазақстан мамыр айында мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингіде 101 елдің ішінде 56-орынға жайғасты. Елдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 88,11 Мбит/с болды. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 25,05 Мбит/с төмен.
Қазақстанда мобильді интернет жылдамдығы жыл басынан бері төмендеп келеді. Атап айтқанда, қаңтарда көрсеткіш 100,2 Мбит/с болса, сәуірде 89,16 Мбит/с, ал мамырда 88,11 Мбит/с құрады.
Сонымен қатар Қазақстан әлемдік рейтингтегі орнын жоғалтты. Қаңтарда 50-орында, ақпанда 49-орында, наурызда 51-орында, сәуірде 52-орында, ал мамырда 56-орында болды.
Көршілес елдердің де рейтингі төмендеген. Өзбекстан қаңтардағы 76-орыннан мамырда 77-орынға, ал Қырғызстан 77-орыннан 82-орынға түсті.
Жыл басынан бері Қазақстанның ірі қалаларында да мобильді интернет жылдамдығы азайған. Алматыда көрсеткіш қаңтарда 148,06 Мбит/с болса, сәуірде 120,67 Мбит/с, мамырда 115,55 Мбит/с дейін төмендеді. Қала мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте де төмендеді: қаңтарда 60-орында болса, сәуірде 77-орынға, мамырда 84-орынға түсті.
Ал Астанада мобильді интернеттің орташа жылдамдығы қаңтардағы 146,09 Мбит/с-тан сәуірде 120,24 Мбит/с-қа дейін төмендеді.