Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында электронды кезекті брондау үшін алым енгізіліп жатыр

Қазығұрт шекара бекеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Жазылу
Халықаралық тасымалдаушы көрсетілген мерзім ішінде шекарадан өтсе, қаражат оның шотына қайтарылады
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. 2026 жылдың 9 қарашасынан бастап қазақ-өзбек шекарасындағы электронды кезек жүйесінде орын броньдаған кезде міндетті кепілдік депозиті талап етіледі, деп хабарлады Түркістан облысының Мемлекеттік кірістер департаменті.
"Қазығұрт", "Б.Қонысбаев" және "Атамекен" өткізу пункттерінде алым 20 АЕК немесе 86 500 теңгені құрайды.

"Бұл шара өткізу пункттерінде жасанды кезектердің пайда болуына жол бермеуге және тасымалдаушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған", - деп мәлімдеді департаментте.

Электронды кезекті броньдауға тасымалдаушының арнайы электронды шотында қажетті 20 АЕК сомасы болуы керек.
Егер көлік өткізу пунктіне уақытында келсе, кепілдік депозиті автоматты түрде тасымалдаушыға толық көлемде қайтарылады.
Егер тасымалдаушы 90 күнтізбелік күн ішінде екі рет бақылау-өткізу пунктіне уақытында келмесе, кепілдік жарнасы қайтарылмайды және мемлекеттік бюджетке өндіріп алынады, деп хабарлады департаментте.
"Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті тасымалдаушыларды сапарларын алдын ала жоспарлауға, электрондық кезекті броньдау кезінде белгіленген талаптарды ескеруге және қажетті қаражаттың арнайы электрондық шотта болуын қамтамасыз етуге шақырады. Белгіленген талаптарды сақтау бақылау-өткізу пункттеріндегі кезектерді жеңілдетуге және халықаралық жүк тасымалдау тиімділігін арттыруға көмектеседі", - деп хабарлады Мемлекеттік кіріс департаменті.
Шекара бекеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2026
Қазақстанда шекара пункттерінің өткізу қабілеті 2,6 есеге ұлғайды
Жаңалықтар
0