Президент жолдауынан кейін "Самұрық-Энерго" басшысы жұмыстан шығарылды

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер Казахстана Олжас Бектенов посетил ТЭЦ-3 в Астане
Премьер Казахстана Олжас Бектенов посетил ТЭЦ-3 в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Жазылу
Бұл шешім компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру қарқынының баяу жүруіне байланысты қабылданды
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қайрат Мақсұтов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
© Sputnik / Санат ИмангалиевҚайрат Мақсұтов
Санжар Жаркешов - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Қайрат Мақсұтов
Үкімет таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл шешім компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру қарқынының баяу жүруіне, сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын салу мен пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуына бақылаудың жеткіліксіз болуына байланысты қабылданды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында энергетика саласында ондаған жыл бойы жалғасып келе жатқан қарапайым "бизнесті" сынға алды. Балқаштағы жылу электр орталығының құрылысы тұралап қалғанын да еске салды. Ал Түркістан, Қызылорда, Алматы мен Екібастұздағы қуат көздері уақытында іске қосылмай отыр.
Электр энергиясы бағандары - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2026
Президент: Қазақстан 2029 жылға қарай тұрақты энергия профицитіне қол жеткізуі керек
Жаңалықтар
0