https://sputnik.kz/20261028/magistratura-men-doktoranturaga-tusu-emtikhandaryna-otinish-qabyldau-bastaldy-68043970.html
Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды
Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды
Sputnik Қазақстан
Магистратура мен докторантураға түсуге өтініштер 10 қарашаға дейін қабылданады. Тестілеу қараша-желтоқсан айларында өтеді 28.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-28T22:14+0500
2026-10-28T22:14+0500
2026-10-28T22:14+0500
магистратура
студенттер
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38648147_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_ac12d8a3baf0ac575e4a26a37d3a3ef1.jpg
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Магистратураға кешенді тестілеуге және докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.Өтініштерді 10 қарашаға дейін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы беруге болады.Тестілеу қараша-желтоқсан айларында өтеді. Тестілеу күні туралы ақпарат түсушілердің жеке кабинетінде 13 қарашада жарияланады. Өтініш қабылдау аяқталғанға дейін білім беру бағдарламасының тобын, тестілеу тілін және тапсыру қаласын өзгертуге болады.Магистратураға түсу талаптарыҒылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер электронды форматта кешенді тестілеуден өтеді. Ол шет тілі, оқуға дайындығын анықтау және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша тестерден тұрады.Тестілеу уақыты – 3 сағат 55 минут. Шекті балл – 75 балл.Шет тілі бойынша кемінде 25 балл, қалған бөлімдердің әрқайсысынан белгіленген шекті балды жинау қажет.Бейінді магистратураға түсушілер білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл – 30 балл.Докторантураға түсу талаптарыДокторантураға түсу емтиханына өтініштер де 10 қарашаға дейін қабылданады. Түсу емтиханы желтоқсан айында өтеді.Өтініш бермес бұрын талапкерлер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қажетті құжаттарды тапсыруы керек. Сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат қажет. TOEFL ITP сертификаты бар талапкерлер қосымша ағылшын тілі тестін тапсырады.PhD докторантурасына түсу емтиханы әңгімелесу, эссе жазу және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтиханнан тұрады. Бейіні бойынша докторлар, оның ішінде индустриялық PhD бағдарламаларына түсушілер әңгімелесу мен бейіндік емтиханнан өтеді.Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу үшін PhD бағдарламасына кемінде 75 балл, ал бейіні бойынша докторлар бағдарламаларына, оның ішінде индустриялық PhD бағдарламаларына кемінде 50 балл жинау қажет.
https://sputnik.kz/20260812/magistratura-grantyna-quzhat-tapsyrganda-neni-eskeru-kerek-65657960.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38648147_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_5ac4421eb3917ba22683856f3e85a34f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
магистратура, студенттер
Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды
Магистратура мен докторантураға түсуге өтініштер 10 қарашаға дейін қабылданады. Тестілеу қараша-желтоқсан айларында өтеді
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Магистратураға кешенді тестілеуге және докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Өтініштерді 10 қарашаға дейін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы беруге болады.
Тестілеу қараша-желтоқсан айларында өтеді. Тестілеу күні туралы ақпарат түсушілердің жеке кабинетінде 13 қарашада жарияланады. Өтініш қабылдау аяқталғанға дейін білім беру бағдарламасының тобын, тестілеу тілін және тапсыру қаласын өзгертуге болады.
Магистратураға түсу талаптары
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер электронды форматта кешенді тестілеуден өтеді. Ол шет тілі, оқуға дайындығын анықтау және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша тестерден тұрады.
Тестілеу уақыты – 3 сағат 55 минут. Шекті балл – 75 балл.
Шет тілі бойынша кемінде 25 балл, қалған бөлімдердің әрқайсысынан белгіленген шекті балды жинау қажет.
Бейінді магистратураға түсушілер білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл – 30 балл.
Докторантураға түсу талаптары
Докторантураға түсу емтиханына өтініштер де 10 қарашаға дейін қабылданады. Түсу емтиханы желтоқсан айында өтеді.
Өтініш бермес бұрын талапкерлер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қажетті құжаттарды тапсыруы керек. Сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификаты және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат қажет. TOEFL ITP сертификаты бар талапкерлер қосымша ағылшын тілі тестін тапсырады.
PhD докторантурасына түсу емтиханы әңгімелесу, эссе жазу және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтиханнан тұрады. Бейіні бойынша докторлар, оның ішінде индустриялық PhD бағдарламаларына түсушілер әңгімелесу мен бейіндік емтиханнан өтеді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу үшін PhD бағдарламасына кемінде 75 балл, ал бейіні бойынша докторлар бағдарламаларына, оның ішінде индустриялық PhD бағдарламаларына кемінде 50 балл жинау қажет.