Магистратура грантына құжат тапсырғанда нені ескеру керек

© Photo : Pixabay / Студент
Студент - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2026
Жазылу
Құжаттарды тапсыру кезінде білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетуге болады
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Бүгін магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, соның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары құжатты жеті күн бойы 18 тамызға дейін қабылдайды.
Қажетті құжаттар:
жеке куәліктің көшірмесі;
жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
кешенді тестілеу сертификаты;
шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болса ғана).
Ал құжаттарды тапсыру кезінде білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетуге болады.
Биыл 58 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу тапсырған. Енді шекті балл жинағандар грант конкурсына қатыса алады. Магистратураға 11 мыңға жуық мемлекеттік білім гранты бөлініп отыр.
Гранты иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Ал оқуға қабылдау 28 тамызда аяқталады.
Студенттер - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2026
Қандастар 2 378 грант иеленді: ең көп таңдалған мамандықтар қандай
Жаңалықтар
0