https://sputnik.kz/20261028/kelesi-zhyldyn-ayagyna-deyin-elde-zhana-azamattyq-kodeks-qabyldanuy-tiis---prezident-68036768.html
Келесі жылдың аяғына дейін елде жаңа Азаматтық кодекс қабылдануы тиіс - президент
Келесі жылдың аяғына дейін елде жаңа Азаматтық кодекс қабылдануы тиіс - президент
Sputnik Қазақстан
Президент қанша жерден сапалы болса да, қолданыстағы Азаматтық кодекс өтпелі кезеңдегі экономика үшін әзірленгенін айтты 28.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-28T12:29+0500
2026-10-28T12:29+0500
2026-10-28T12:30+0500
президент
қазақстан халқына арналған жолдау
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1e/63079756_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_f55e95790fc1fe85d15ef772b7e26405.jpg
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Президент бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елде жаңа Азаматтық кодексті қабылдауды тапсырды. "Қолданыстағы Азаматтық кодекс өткен ғасырдың 90-шы жылдарында қабылданды. Кодекс өзінің тарихи миссиясын толық атқарып шықты десек, артық болмайды. Бұл құжат нарықтық экономиканың негізгі институттарын құруға жол ашты, меншікті қорғау қағидатын бекітті", - деді Тоқаев.Президент қанша жерден сапалы болса да, бұл Азаматтық кодекс өтпелі кезеңдегі экономика үшін әзірленгенін айтты.Бұл кәсіпкерлердің, инвесторлардың және азаматтардың алаңсыз жұмыс жүргізуі үшін құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді."Құрылтай депутаттары Үкіметпен бірлесе отырып, осы маңызды құжатты әзірлеуге тез арада кіріскені жөн. Құрылтай жаңа Азаматтық кодексті келесі жылдың аяғына дейін қабылдаса жөн болар", - деді мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20261028/toqaev-en-tomengi-zhalaqy-molsherin-ulgaytudy-tapsyrdy-68036043.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1e/63079756_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_3d50b3c1b383566681fecfb5797de806.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қазақстан халқына арналған жолдау
президент, қазақстан халқына арналған жолдау
Келесі жылдың аяғына дейін елде жаңа Азаматтық кодекс қабылдануы тиіс - президент
12:29 28.10.2026 (жаңартылды: 12:30 28.10.2026) Президент қанша жерден сапалы болса да, қолданыстағы Азаматтық кодекс өтпелі кезеңдегі экономика үшін әзірленгенін айтты
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Президент бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елде жаңа Азаматтық кодексті қабылдауды тапсырды.
"Қолданыстағы Азаматтық кодекс өткен ғасырдың 90-шы жылдарында қабылданды. Кодекс өзінің тарихи миссиясын толық атқарып шықты десек, артық болмайды. Бұл құжат нарықтық экономиканың негізгі институттарын құруға жол ашты, меншікті қорғау қағидатын бекітті", - деді Тоқаев.
Президент қанша жерден сапалы болса да, бұл Азаматтық кодекс өтпелі кезеңдегі экономика үшін әзірленгенін айтты.
"Сол кезде озық технологиялардың заты түгіл, аты да жоқ болатын. Әрине, соңғы 30 жыл ішінде бүкіл әлем, соның ішінде қоғамымыз түбегейлі өзгерді. Осының бәрін ескере отырып, болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет деп санаймын", - деді Тоқаев.
Бұл кәсіпкерлердің, инвесторлардың және азаматтардың алаңсыз жұмыс жүргізуі үшін құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Құрылтай депутаттары Үкіметпен бірлесе отырып, осы маңызды құжатты әзірлеуге тез арада кіріскені жөн. Құрылтай жаңа Азаматтық кодексті келесі жылдың аяғына дейін қабылдаса жөн болар", - деді мемлекет басшысы.