Қазақстанға Тайландтан келген шетел азаматы 16 жылға сотталды

© Photo : Pexels / Tima MiroshnichenkoНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2026
Жазылу
Одан 17 келі есірткі тәркіленген
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Қазақстанға Тайландтан келген шетел азаматы есіткі тасымалдағаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде 20 жастағы шетел азаматы ұсталған болатын. Одан 17 келі есірткі тәркіленген. Ал тергеу барысында оның Таиландтан әкелген есірткі партиясын Қазақстанда заңсыз өткізу арналары арқылы таратуды жоспарлағаны анықталған.
© Photo : полицияҚазақстанға Тайландтан келген шетел азаматы 16 жылға сотталды
Қазақстанға Тайландтан келген шетел азаматы 16 жылға сотталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2026
Қазақстанға Тайландтан келген шетел азаматы 16 жылға сотталды
Сот шешімімен ұсталған шетел азаматы кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы орайда полицейлер бөгде адамдардан белгісіз заттарды алмауға кеңес береді.
"Бөгде адамдардан сақтау немесе тасымалдау үшін, тіпті ақшалай сыйақыға да, сәлемдемелерді, пакеттерді және өзге де заттарды қабылдауға қатаң тыйым салынады. Сенгіштік пен сақтық танытпау адамның қылмысқа сыбайлас ретінде тартылуына және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін", – дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Фараби Елубаев.
Айта кетері, жыл басынан бері көліктегі полиция департаменті Астана және Алматы әуежайларында есірткі контрабандасының 27 дерегін анықтап, жолын кесті. Заңсыз айналымнан шамамен 180 мың бір реттік дозаға тең келетін 98 келі есірткі тәркіленді.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Есірткі өндірумен айналысқан: трансұлттық қылмыстық топ құрамындағы шетелдіктер сотталды
Жаңалықтар
0