Есірткі өндірумен айналысқан: трансұлттық қылмыстық топ құрамындағы шетелдіктер сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Жазылу
Сотталғандарға тиесілі 3 тұрғын үй мен автокөліктер мемлекет кірісіне тәркіленді
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Алматы облысында трансұлттық қылмыстық тобының мүшелеріне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлады бас прокуратура.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты синтетикалық есірткі заттарын өндірумен және өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы 7 шетел азаматына қатысты үкім шығарды.
"Облыс прокуратурасының уйлестіруімен полиция қызметкерлері 3 жасырын есірткі зертханасын анықтады. Тінту барысында заңсыз айналымнан 90 кг астам дайын синтетикалық психотроптық заттар, 1 тоннадан астам прекурсорлар мен химиялық компоненттер, сондай-ақ оларды дайындауға арналған құрал-жабдықтар тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Мамандардың бағалауынша, тәркіленген заттардың "қара нарықтағы" құны 1,5 млрд теңгеден асады.
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдейтін бұлтартпас айғақтарды ұсынды. Қылмыстық іс құжаттарын жан-жақты зерттеу нәтижесінде сот оларға 19 жылдан 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, сотталғандарға тиесілі 3 тұрғын үй мен автокөліктер мемлекет кірісіне тәркіленді.
Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында есірткі құралдарының кең көлемде таралуына және қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қатер төндірген ұйымдасқан желінің қызметі тоқтатылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2026
Қостанай облысында көршісін өлтірген ер адам сотталды
Жаңалықтар
0