Қостанай облысында көршісін өлтірген ер адам сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2026
Жазылу
Қызыл Пресня ауылында спирттік ішімдік ішіп отырған кезде ол ауылдасымен жанжалдасып қалған
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Қостанай облысының Меңдіқара ауданында ер адам көршісін өлтіргені және ұрлық жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Сотталушыға тұрғын үйге заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру және адам өлтіру айыптары тағылған. Оның өтініші бойынша іс алқабилердің қатысуымен қаралды.
Сот мәліметінше, өткен жылдың 5 сәуірінде сотталушы мас күйінде жәбірленушінің үйіне заңсыз кіріп, темекі блогы мен қол сағатын ұрлаған.
"Ал 10 сәуірден 11 сәуірге қараған түні Қызыл Пресня ауылында спирттік ішімдік ішіп отырған кезде ол ауылдасымен жанжалдасып қалған. Жанжал барысында сотталушы асүй пышағымен жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасаған. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған", - деп жазылған хабарламада.
Сотталушы кінәсін ішінара мойындағанымен, адам өлтіргенін жоққа шығарған. Алайда сот оның кінәсі толық дәлелденгенін атап өтті.
Алқабилердің шешімі негізінде сот оны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2026
Қызылорда тұрғыны екі көршісін пышақтап өлтірді
Жаңалықтар
0