Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин Финляндия және Норвегия басшыларымен Уиткоффтың Украина бойынша кездесуін талқылады

© Sputnik / Кристина Соловьёва / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2026
Жазылу
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин, Финляндия президенті Александр Стубб және Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стёре арасындағы телефон әңгімесі барысында тараптар АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Санкт-Петербург пен Ослода Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты өткізген кездесулерін талқылады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.
Бұл туралы РИА новости жазды.
"Украина мәселесін шешу бойынша пікір алмасу болды. Бұл ретте 21 қазанда Санкт-Петербургте Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф арасында өткен келіссөздер, сондай-ақ Александр Стубб пен Йонас Гар Стёренің Ослода Уиткоффпен және (Владимир) Зеленскиймен болған кездесулері ескерілді", — делінген хабарламада.
Сәрсенбі күні, 21 қазанда Санкт-Петербургте Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф арасында кездесу өтті.
Бір күн бұрын Ослода Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты көпжақты келіссөздер өткен болатын. Оған Зеленский, Финляндия президенті Александр Стубб, Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стёре және Уиткофф қатысты. Сондай-ақ, АҚШ басшысының күйеу баласы Джаред Кушнер де бұл жиынға қашықтан қосылды.
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Украинадағы әскери жағдайды тағы 90 күнге ұзартты
Жаңалықтар
0