Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Украинадағы әскери жағдайды тағы 90 күнге ұзартты

© AP Photo / Efrem LukatskyВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2026
Жазылу
Украинада әскери жағдай 2022 жылдың 24 ақпанында жарияланды
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Владимир Зеленский Украинадағы әскери жағдай мен жалпы мобилизациялауды тағы 90 күнге ұзарту туралы заң жобаларына қол қойды, деп хабарлайды Жоғарғы Рада.
Дүйсенбі күні Жоғарғы Рада депутаттары әскери жағдай мен мобилизациялауды тағы 90 күнге ұзартуды қолдады.
Украина парламентінің сайтындағы деректерге сәйкес, екі заң жобасы да Зеленскийдің қолымен Радаға қайтарылды.
Украинада әскери жағдай 2022 жылдың 24 ақпанында жарияланды. Келесі күні Зеленский жалпы мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды.
Соғыс жағдайы кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдарға Украинадан шығуға тыйым салынған. Елде мобилизация кезінде әскери қызметтен жалтарғандар бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Жоғарғы рада ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Жоғарғы рада Украинадағы әскери жағдайды тағы 90 күнге ұзартты
Жаңалықтар
0