https://sputnik.kz/20261027/pavlodarda-shala-tugan-narestenin-zhambas-suyegi-syngan-68001204.html
Павлодарда шала туған нәрестенің жамбас сүйегі сынған
Павлодарда шала туған нәрестенің жамбас сүйегі сынған
Sputnik Қазақстан
Бала қазір облыстық №1 перинаталдық орталықта ем қабылдап жатыр 27.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-27T11:49+0500
2026-10-27T11:49+0500
2026-10-27T11:51+0500
бала
павлодар
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e9/04/11/52570499_0:39:674:418_1920x0_80_0_0_db3ea2c101426594f5e0f26e6cb84bb7.jpg
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Павлодарда салмағы 600 грамм болып шала туған нәрестенің жамбас сүйегі сынған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оқиға туралы БАҚ беттерінде баланың ата-анасы хабарлады. 23 қазанда баланың жамбас сүйегі сынғанын дәрігерлер айтқан. Олар бұл баланың денесі тырысқанда болды деп түсіндірген.Оқиғаға қатысты Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.Бала қазір облыстық №1 перинаталдық орталықта ем қабылдап жатыр.Орталық әкімшілігі ата-аналар мен туыстарының алаңдаушылығына түсіністікпен қарайды және баланың жағдайы мен медициналық бақылаудың ерекшеліктері туралы оларға тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді, дейді дәрігерлер."Шала туған балаларды күтіп-баптаудың ерекшеліктеріне түсіністікпен қарауды, сондай-ақ түсініктемелерде асығыс қорытындылар мен негізсіз бағалаулар жасаудан аулақ болуды сұраймыз. Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығы" ШЖҚ КМК әрбір кішкентай пациентке білікті медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда", - дейді аурухана мамандары.
https://sputnik.kz/20260721/darigerler-tailandta-shala-tugan-qazaqstandyq-sabidi-aman-alyp-qaldy-65078548.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/11/52570499_33:0:641:456_1920x0_80_0_0_ea47ddeaf3cc7406bdb131af6b0d134f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, павлодар, дәрігер
Павлодарда шала туған нәрестенің жамбас сүйегі сынған
11:49 27.10.2026 (жаңартылды: 11:51 27.10.2026) Бала қазір облыстық №1 перинаталдық орталықта ем қабылдап жатыр
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Павлодарда салмағы 600 грамм болып шала туған нәрестенің жамбас сүйегі сынған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Оқиға туралы БАҚ беттерінде баланың ата-анасы хабарлады. 23 қазанда баланың жамбас сүйегі сынғанын дәрігерлер айтқан. Олар бұл баланың денесі тырысқанда болды деп түсіндірген.
Оқиғаға қатысты Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.
Бала қазір облыстық №1 перинаталдық орталықта ем қабылдап жатыр.
"Бала өте төмен дене салмағымен – шамамен 600 грамм болып дүниеге келген. Мұндай балаларды күтіп-баптау күрделі әрі ұзақ жұмыс. Ықтимал асқынулардың бірі – шала туған нәрестелердің остеопениясы, яғни сүйек тінінің минералдануының төмендеуі. Бұл жағдай 30–55% жағдайда кездеседі және аяқ-қолдардың әдеттегі қозғалысы кезінде де сүйектердің өздігінен сынуына әкелуі мүмкін", - дейді басқармада.
Орталық әкімшілігі ата-аналар мен туыстарының алаңдаушылығына түсіністікпен қарайды және баланың жағдайы мен медициналық бақылаудың ерекшеліктері туралы оларға тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді, дейді дәрігерлер.
"Шала туған балаларды күтіп-баптаудың ерекшеліктеріне түсіністікпен қарауды, сондай-ақ түсініктемелерде асығыс қорытындылар мен негізсіз бағалаулар жасаудан аулақ болуды сұраймыз. Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығы" ШЖҚ КМК әрбір кішкентай пациентке білікті медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда", - дейді аурухана мамандары.