Дәрігерлер Таиландта шала туған қазақстандық сәбиді аман алып қалды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация
Операция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2026
Жазылу
Жасырын ішек перфорациясы дер кезінде анықталып, шұғыл ота жасалды
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Таиландта шала туған қазақстандық сәби дәрігерлердің көмегімен аман қалды. Екі айға созылған емнен кейін нәресте ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, кішкентай Аслан Әлиев 1 ай 18 күндік кезінде санитариялық авиация ұшағымен Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілген. Оның жағдайы ауыр, салмағы өте аз болған.
"Дәрігерлер сәбидің өміріне қауіп төндірген жасырын ішек перфорациясын дер кезінде анықтап, шұғыл ота жасады", – делінген хабарламада.
Емдеу барысында Асланның салмағы 1200 грамға артып, бүгінде 2500 грамға жетті. Қазір сәби оттегі қолдауынсыз өздігінен тыныс алады, табиғи жолмен қоректенеді, ал ішек қызметі біртіндеп қалпына келіп жатыр.
Министрліктің мәліметінше, нәрестеге көрсетілген қымбат медициналық көмек мемлекет есебінен тегін ұсынылды.
Айта кетері, Қазақстан – санитариялық авиация ұлттық жедел медициналық көмек жүйесіне толық енгізілген Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет. Бұл жүйе пациенттерді эвакуациялаумен қатар, мамандандырылған дәрігерлік бригадаларды өңірлерге жіберіп, күрделі медициналық көмекті жергілікті жерде көрсетуге мүмкіндік береді.
2,5 айлық баланың көзіне бірегей ота жасалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2025
Алматыда шала туған 2,5 айлық сәбидің көзіне шетелдік дәрігер бірегей ота жасады
Жаңалықтар
0