https://sputnik.kz/20250507/almatyda-shala-tugan-25-aylyq-sabidin-kozine-sheteldik-dariger-biregey-ota-zhasady--53286404.html
Алматыда шала туған 2,5 айлық сәбидің көзіне шетелдік дәрігер бірегей ота жасады
Алматыда шала туған 2,5 айлық сәбидің көзіне шетелдік дәрігер бірегей ота жасады
Sputnik Қазақстан
Сәбилердің көру қабілетін мәңгілікке жоғалтпауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық бірегей операция қазақстандық 14 балаға жасалды 07.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-07T17:30+0500
2025-05-07T17:30+0500
2025-05-07T17:30+0500
денсаулық сақтау министрлігі
шала туған нәресте
ота
https://sputnik.kz/img/07e9/05/07/53287504_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_a6c15b41a69c2688f7818cb79de3489c.jpg
АЛМАТЫ, 7 мамыр - Sputnik. Алматыда шала туылған нәрестелерге ерте бастан витрэктомия жасау, яғни сәбилердің көру қабілетін мәңгілікке жоғалтпауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық бірегей операция бойынша халықаралық шеберлік сыныбы өтті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі. Шеберлік дәрісі балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығында өтті. Оны әйгілі үнді офтальмологиялық хирургы, доктор Нихил Пал өткізді. Төрт күн ішінде оның жетекшілігімен дәрігерлер бригадасы Қазақстанның 12 облысынан келген 14 балаға 20 ота жасады. Ең кішкентай науқастың жасы небәрі – 2,5 айлық. Қазақстанда жыл сайын 22 мыңнан астам шала туған нәресте дүниеге келсе, олардың 4 мыңға жуығы ретинопатия қаупімен бетпе бет келеді екен.Соңғы 10 жылда осы мәселеде Қазақстанда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді: ерте диагностикалық хаттамалар енгізілді, 40-тан астам офтальмолог оқытылды, аймақтық бригадалар құрылды. "Бірақ, осы уақытқа дейін ауыр, терминалды кезеңдерде балаларды емдету үшін шетелге баруға мәжбүр болды, өйткені елімізде ең күрделі витрэктомия отасы жасалмайтын. Бұрын балалардың көру қабілетін қайтару үшін шетелге жіберілетін. Ендігі жерде, шеберлік сабағының арқасында мұндай операцияларды Қазақстанда да жасатуға болады", - делінген хабарламада.
https://sputnik.kz/20250504/astanada-darigerler-ush-aylyq-sabidin-miyna-kurdeli-ota-zhasady-53144083.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/07/53287504_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0d8ec460225f10d198516d0f4a7a13fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, шала туған нәресте, ота
денсаулық сақтау министрлігі, шала туған нәресте, ота
Алматыда шала туған 2,5 айлық сәбидің көзіне шетелдік дәрігер бірегей ота жасады
Сәбилердің көру қабілетін мәңгілікке жоғалтпауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық бірегей операция қазақстандық 14 балаға жасалды
АЛМАТЫ, 7 мамыр - Sputnik. Алматыда шала туылған нәрестелерге ерте бастан витрэктомия жасау, яғни сәбилердің көру қабілетін мәңгілікке жоғалтпауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық бірегей операция бойынша халықаралық шеберлік сыныбы өтті, деп
хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Шеберлік дәрісі балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығында өтті. Оны әйгілі үнді офтальмологиялық хирургы, доктор Нихил Пал өткізді. Төрт күн ішінде оның жетекшілігімен дәрігерлер бригадасы Қазақстанның 12 облысынан келген 14 балаға 20 ота жасады. Ең кішкентай науқастың жасы небәрі – 2,5 айлық. Қазақстанда жыл сайын 22 мыңнан астам шала туған нәресте дүниеге келсе, олардың 4 мыңға жуығы ретинопатия қаупімен бетпе бет келеді екен.
"Соңғы жылдары ретинопатия Қазақстанда сәбилер соқырлығының нағыз індетіне айналды. Бұл күн сайын емес, сағаттап өршитін ауру. Егер кешіктірсеңіз, бала анасының жүзін ешқашан көрмей өтуі мүмкін", - дейді еліміздің жетекші балалар офтальмологы Әсел Шәріпова.
Соңғы 10 жылда осы мәселеде Қазақстанда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді: ерте диагностикалық хаттамалар енгізілді, 40-тан астам офтальмолог оқытылды, аймақтық бригадалар құрылды.
"Бірақ, осы уақытқа дейін ауыр, терминалды кезеңдерде балаларды емдету үшін шетелге баруға мәжбүр болды, өйткені елімізде ең күрделі витрэктомия отасы жасалмайтын. Бұрын балалардың көру қабілетін қайтару үшін шетелге жіберілетін. Ендігі жерде, шеберлік сабағының арқасында мұндай операцияларды Қазақстанда да жасатуға болады", - делінген хабарламада.