Видео

Ханзада Уильям Қазақстанның киіктерді сақтап қалуға қолдау көрсеткенін айтты

© пресс-служба МинэкологииХанзада Уильям Қазақстанның киіктерді сақтап қалудағы жетістігі туралы айтты
Ханзада Уильям Қазақстанның киіктерді сақтап қалудағы жетістігі туралы айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2026
Жазылу
2003 жылы елде небәрі 20 мыңға жуық киік болса, 2024 жылы олардың саны 2,8 миллионнан асты
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. BBC арнасындағы The Graham Norton Show бағдарламасында Уэльс ханзадасы Уильям Қазақстандағы киік популяциясының қалпына келуін табиғатты қорғаудағы табысты тәжірибе ретінде атап өтті, деп хабарлайды Экология министрлігі.
"Бір кездері бұл жануар жойылып кетудің алдында тұрған. Ал қазір олардың саны айтарлықтай көбейді. Қазақстан үкіметі киіктің ел үшін және табиғатты қорғау ісіндегі маңызын түсініп, оны сақтап қалуға барынша қолдау көрсетті", – деді ханзада Уильям сұхбатында.
Қазақстанда 2003 жылы небәрі 20 мыңға жуық киік болса, 2024 жылы олардың саны 2,8 миллионнан асты.

Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстанның "Алтын Дала" табиғат қорғау бастамасы ханзада Уильям негізін қалаған The Earthshot Prize халықаралық экологиялық сыйлығының "Табиғатты қорғау және қалпына келтіру" номинациясында жеңіске жеткен болатын.

2005 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бастама аясында Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы және халықаралық серіктестер киіктерді қорғау, олардың мекендеу ортасын сақтау және дала экожүйелерін қалпына келтіру бағытында бірлесіп жұмыс жүргізіп келеді.

Қазақстанның киіктерді сақтап қалу тәжірибесі халықаралық деңгейде мойындалып, табиғатты қорғау саласындағы табысты жобалардың біріне айналды.
Сайгак - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2025
Қазақстанда киік саны келесі жылы 5 миллионға жетеді
Жаңалықтар
0