https://sputnik.kz/20251203/qazaqstanda-kiik-sany-kelesi-zhyly-5-millionga-zhetedi-59281441.html
Қазақстанда киік саны келесі жылы 5 миллионға жетеді
Қазақстанда киік саны келесі жылы 5 миллионға жетеді
Sputnik Қазақстан
Роман Скляр 2026 жылға киік санын тұрақты басқаруға дайындық бойынша шаралар қабылдауды тапсырды 03.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-03T13:00+0500
2025-12-03T13:00+0500
2025-12-03T13:00+0500
киік
заңсыз киік аулау
https://sputnik.kz/img/221/23/2212395_0:0:2768:1557_1920x0_80_0_0_ae80232a19a1372d605863defe2c861b.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда киік саны келесі жылы төлдеуден кейін 5 миллионға жетеді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Экология министрлігінің мәліметінше Қазақстандағы киіктердің саны бүгін рекордтық деңгейге жетті – 4 млн бас, сондай-ақ төлдеуден кейін 2026 жылы шамамен 5 млн басты құрайды.Мәселен, осы жылы 1 шілдеден 30 қарашаға дейін 196 мыңға жуық киік тәркіленді, ұшалары отандық ет өңдеу кәсіпорындарына берілді. Жұмыстар ғылыми ұсынымдарға сәйкес қатаң түрде жүргізілді.Дериваттарды есепке алуға және сақтауға ерекше назар аударылады. Киіктердің барлық мүйізі таңбаланып, министрлікке ведомстволық бағынысты "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК ұйымында күшейтілген күзет және мамандандырылған инфрақұрылым жағдайларында сақталады.Ұсынылған жүйе CITES Халықаралық конференциясында қолдау тапты және қазақстандық дериваттардың экспортына шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастау үшін негіз ретінде қарастырылады.Жиын қорытындысы бойынша Роман Скляр Экология және табиғи ресурстар министрлігіне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға 2026 жылға киік санын тұрақты басқаруға дайындық бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/221/23/2212395_37:0:2768:2048_1920x0_80_0_0_ee0bf5c126c2f978b353639f62f3a624.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
киік, заңсыз киік аулау
Қазақстанда киік саны келесі жылы 5 миллионға жетеді
Роман Скляр 2026 жылға киік санын тұрақты басқаруға дайындық бойынша шаралар қабылдауды тапсырды
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда киік саны келесі жылы төлдеуден кейін 5 миллионға жетеді. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Экология министрлігінің мәліметінше Қазақстандағы киіктердің саны бүгін рекордтық деңгейге жетті – 4 млн бас, сондай-ақ төлдеуден кейін 2026 жылы шамамен 5 млн басты құрайды.
"Осындай қарқынды өсуді ескере отырып, уәкілетті органдар Зоология институты дайындаған биологиялық негіздеме негізінде ауыл шаруашылығына зиян келтірмеу және экожүйелік тепе-теңдікті сақтау үшін жануарлар санын тұрақты басқару бойынша іс-шаралар жүргізді", - деп жазылған хабарламада.
Мәселен, осы жылы 1 шілдеден 30 қарашаға дейін 196 мыңға жуық киік тәркіленді, ұшалары отандық ет өңдеу кәсіпорындарына берілді. Жұмыстар ғылыми ұсынымдарға сәйкес қатаң түрде жүргізілді.
Дериваттарды есепке алуға және сақтауға ерекше назар аударылады. Киіктердің барлық мүйізі таңбаланып, министрлікке ведомстволық бағынысты "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК ұйымында күшейтілген күзет және мамандандырылған инфрақұрылым жағдайларында сақталады.
"Дериваттарды цифрлық таңбалау және халықаралық реттеу мәселелері жеке қаралды. "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп толық қадағалауды және заңды айналымды қамтамасыз ететін киік мүйіздерін таңбалау жобасы жүзеге асырылуда", - делінген ақпаратта.
Ұсынылған жүйе CITES Халықаралық конференциясында қолдау тапты және қазақстандық дериваттардың экспортына шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастау үшін негіз ретінде қарастырылады.
Жиын қорытындысы бойынша Роман Скляр Экология және табиғи ресурстар министрлігіне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға 2026 жылға киік санын тұрақты басқаруға дайындық бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.