https://sputnik.kz/20261027/khabar-osharsyz-ketken-17-mynnan-astam-azamattyn-zhurgen-zheri-anyqtaldy---iim-67992192.html
Хабар-ошарсыз кеткен 17 мыңнан астам азаматтың жүрген жері анықталды - ІІМ
Хабар-ошарсыз кеткен 17 мыңнан астам азаматтың жүрген жері анықталды - ІІМ
Sputnik Қазақстан
Қазақстан аумағында ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттермен іздеуде жүрген 537 адам ұсталды 27.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-27T09:05+0500
2026-10-27T09:05+0500
2026-10-27T09:37+0500
полиция
іздеу шаралары
қазақстан азаматы
видео
https://sputnik.kz/img/161/86/1618640_0:122:2339:1438_1920x0_80_0_0_1fe47fd9ee93f8795d9c6af1c641b705.jpg
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Тоғыз айда хабар-ошарсыз кеткен 17 мыңнан астам азаматтың жүрген жері анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.5 қазанда басталған "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері шамамен 249 мың тұрғын үй нысанын, оның ішінде 12,5 мың жалдамалы пәтерді аралап шықты.Тексеру нәтижесінде тіркеусіз тұрудың тоғыз мыңға жуық дерегінің жолы кесілді. 7 189 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрақты тұрғылықты жері жоқ 2 128 адам полиция органдарына жеткізілді.Олардың қатарында Астана қаласында ұсталған 67 жастағы ер адам бар. Ол алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде болған. Іс материалдарына сәйкес 2018 жылы Қарағанды қаласында ол коммерциялық ұйымның қоймасынан тауарды сату сылтауымен алып шығып, құны 401 млн теңгеден асатын мүлікті иемденген."Іздестіру жұмыстары басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарынан жасырынған адамдарға қатысты да жүргізіліп жатыр. Қазақстан аумағында ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттермен іздеуде жүрген 537 адам ұсталды", - деп хабарлады министрлікте.Мысалы, полицейлер Алматы қаласында 45 жастағы шетел азаматын ұстады. Ол 1,3 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. 2023 жылы Бішкек қаласында ер адам Оңтүстік Кореядан косметикалық өнімдерді жеткізуді ұйымдастыру сылтауымен жәбірленушінің ақшасын иемденген.
https://sputnik.kz/20261019/oz-elderinde-izdeude-zhurgen-62-sheteldik-qazaqstan-aumagynda-zhasyryngan-67727108.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/161/86/1618640_130:0:2209:1559_1920x0_80_0_0_7c97fbcc62e38666149eaf17afc1af89.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, іздеу шаралары, қазақстан азаматы
полиция, іздеу шаралары, қазақстан азаматы
Хабар-ошарсыз кеткен 17 мыңнан астам азаматтың жүрген жері анықталды - ІІМ
09:05 27.10.2026 (жаңартылды: 09:37 27.10.2026) Қазақстан аумағында ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттермен іздеуде жүрген 537 адам ұсталды
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Тоғыз айда хабар-ошарсыз кеткен 17 мыңнан астам азаматтың жүрген жері анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
5 қазанда басталған "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері шамамен 249 мың тұрғын үй нысанын, оның ішінде 12,5 мың жалдамалы пәтерді аралап шықты.
Тексеру нәтижесінде тіркеусіз тұрудың тоғыз мыңға жуық дерегінің жолы кесілді. 7 189 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрақты тұрғылықты жері жоқ 2 128 адам полиция органдарына жеткізілді.
"2026 жылдың тоғыз айында полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 17 мыңнан астам адамның жүрген жерін анықтады. Бұдан бөлек, Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеу жариялаған 1 031 күдікті ұсталды", - дейді полицияда.
Олардың қатарында Астана қаласында ұсталған 67 жастағы ер адам бар. Ол алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде болған. Іс материалдарына сәйкес 2018 жылы Қарағанды қаласында ол коммерциялық ұйымның қоймасынан тауарды сату сылтауымен алып шығып, құны 401 млн теңгеден асатын мүлікті иемденген.
"Іздестіру жұмыстары басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарынан жасырынған адамдарға қатысты да жүргізіліп жатыр. Қазақстан аумағында ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттермен іздеуде жүрген 537 адам ұсталды", - деп хабарлады министрлікте.
Мысалы, полицейлер Алматы қаласында 45 жастағы шетел азаматын ұстады. Ол 1,3 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. 2023 жылы Бішкек қаласында ер адам Оңтүстік Кореядан косметикалық өнімдерді жеткізуді ұйымдастыру сылтауымен жәбірленушінің ақшасын иемденген.