Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

© Photo : Пресс-служба министерства труда и социальной защиты Казахстана Елде 16 мыңға жуық адам көші-қон заңнамасын бұзған
Елде 16 мыңға жуық адам көші-қон заңнамасын бұзған - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Жазылу
Көші-қон заңнамасын бұзған 236 шетелдік елден мәжбүрлеп шығарылды
АЛМАТЫ, 19 қазан - Sputnik. "Нелегал" іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 15,8 мыңнан астам дерегі анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
5–16 қазан аралығында "Нелегал" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
"Операция қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасы саласында 15,8 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Қазақстанда болу қағидаларын бұзғаны үшін 7 595 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді полиция.
© Скриншот видео МВД КазахстанаЕлде 16 мыңға жуық адам көші-қон заңнамасын бұзған
Нелегальных мигрантов выявила полиция в казахстанских регионах - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2026
Елде 16 мыңға жуық адам көші-қон заңнамасын бұзған
Еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін тағы 3 899 шетел азаматына қатысты шаралар қабылданды. Тиісті рұқсаттарсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 815 жұмыс берушіге қатысты шаралар қолданылды. Сондай-ақ шетел азаматтарын жасырған 3 533 жеке және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды.
"Сот арқылы көші-қон заңнамасын бұзған адамдарды Қазақстан аумағынан шығару туралы 2 243 шешім шығарды. Бұдан бөлек, елде одан әрі болуына жол берілмейді деп танылған 2 479 шетел азаматының елде болу мерзімі қысқартылды", - дейді министрлік.
Айта кетейік, 236 шетел азаматы мәжбүрлеп елден шығарылды.
Тексеру барысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен 14 шетел азаматы да анықталды. Сонымен қатар іздеуде жүрген және өз мемлекеттерінің құқық қорғау органдарынан Қазақстан аумағында жасырынып жүрген 62 шетел азаматы ұсталды.
"Бірқатар жағдайда шетелдіктердің елге заңсыз кіруіне Қазақстан азаматтарының өздері ықпал етіп, олардың елде болуын ұйымдастырады. Тұрғын үймен қамтамасыз етіп, қажетті рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметіне тартады", - дейді министрлік.
Мұндай заңсыздық Алматы облысы, Жамбыл және Павлодар облыстарында да анықталды.
"Шымкентте құрылыс нысандарының бірінде тиісті рұқсаттарсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 40-қа жуық шетел азаматы анықталды. Осындай заң бұзушылықтар Алматы қаласында, сондай-ақ Қарағанды, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында да тіркелді", - дейді ішкі істер министрлігі.
Бұдан бөлек, бір жыл ішінде шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін екі немесе одан да көп рет бұзған 10 жұмыс берушіге қатысты тергеу басталды.
Ситуация в казахстанских ЦОНах , 28.09.2022 г. - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2026
Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзғандардан 2,8 млн теңге айыппұл өндірілді
Жаңалықтар
0