Ел шекарасы арқылы бір күнде рекордтық 155 пойыз жөнелтілді

© Photo : Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Ел шекарасы арқылы бір күнде рекордтық 155 пойыз жөнелтілді
Ел шекарасы арқылы бір күнде рекордтық 155 пойыз жөнелтілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2026
Жазылу
72 пойыз Ресей Федерациясы бағытына, 50 пойыз Орталық Азия елдеріне жөнелтілді
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы сыртқы түйісу пункттерінде пойыздарды өткізу бойынша рекорд орнатты, деп хабарлады компания.

2026 жылғы 26 қазанда сыртқы түйісу пункттерінде 155 пойызды немесе шамамен 7,6 мың вагон жөнелтілді. Оның ішінде:
Ресей Федерациясы бағытында 72 пойызды;
Орталық Азия елдеріне 50 пойызды;
Қытай Халық республикасына 33 пойызды рекордтық тапсыруды қамтамасыз етті.
"Рекордтық көрсеткішке темір жол желісінің өткізу қабілетін арттыру, Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту және отандық өнім экспортын қолдау жөніндегі жұмыс шеңберінде шектес темір жол әкімшіліктерімен жедел өзара іс-қимылды күшейту және пойыздық жағдайды үйлестіру арқасында қол жеткізілді", - делінген хабарламада.
"ҚТЖ" экспорттық және транзиттік жүк ағындарының тұрақты өткізілуін қамтамасыз ету, халықаралық көлік дәліздерінің мүмкіндіктерін кеңейту және елдің көлік-логистикалық әлеуетін іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырады, дейді компания.
Ақтау порты - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2026
Ақтау порты контейнерлік тасымалдау бойынша рекордты жаңартты
Жаңалықтар
0